Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 49 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

6 июля, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 49 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы басталды. Атап айтқанда 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт салынады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында баяндалды.
Облыс әкімінің орынбасары денсаулық сақтау саласындағы жұмыстарды жандандыру керектігін айтып, кейбір нысандарда құрылыс жұмыстарын тездетіп, ғимараттардың сапалы салынуын қадағалауды тапсырды.
– Түркістан облысы үшін денсаулық сақтау саласын дамыту ең маңызды мәселе болып отыр. Жалпы өңірде медициналық орталықтардың жетіспеушілігі шешу маңызды. Кейбір ауылды аймақтарда денсаулық нысандарының жоқтығы анықталған. Өңірде 49 медпункттің құрылысын жүргізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда ауыл аймақтардағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталып, жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Уақыт тығыз. Сондықтан тиісті басқармалармен құрылыс нысандарының басына барып, мердігерлермен кездесіп, іргетасын құю, құрылысқа кедергі келтіретін мәселелерді тиісті басқармалармен шұғыл анықтап, қателіктерді жойып, жұмысты ширату керек. Бірқатар аудандарда тиянақтылық бар. Кестеден кешіккен аудандарға және талапқа сай құрылыс жүргізбеген мердігерлерге шара қолданылады, – деді облыс әкімінің орынбасары Б. Тәжібаев.
Бүгінгі таңда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Баққоныс, Төрткөл, Көкпарсай елді мекендерінде 3 ФАП құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек, 27 жобаға республикалық және жергілікті бюджеттен қаржысы қаралып, конкурс жарияланды. Жеңімпаз анықталып, келісімшарт түзілді. Қалған нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу процесі өткізілуде. Аталған нысандар жыл соңынай дейін пайдалануға тапсырылуы тиіс.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2 ЖЫЛДА 400-ГЕ ЖУЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» КҮЙШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТІП ЖАТЫР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі