Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТҮЙІТКІЛДЕР ТАРҚАТЫЛДЫ

9 июля, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТҮЙІТКІЛДЕР ТАРҚАТЫЛДЫ
0
SHARES
32
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Түркістан облысы әкімі орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен атқарылып жатқан жұмыстардың барысы кеңінен талқыланған штаб отырысы өтті. Оған жауапты сала басшылары мен мамандары, сонымен қатар онлайн режимде аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Күн тәртібінде адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияның маңыздылығы және оны енгізу, Түркістан облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне D және Е санатындағы сақтандырылмаған халықты тарту және дәрілік заттарды маркерлеу мәселелері талқыланды.
Жауапты сала басшыларының баяндамасын тыңдаған облыс әкімінің орынбасары жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
– Жұмыс барысын білесіздер. Нақты іс-шара жоспарын, жұмыс алгоритмін жасау керек. Сол бойынша құзырлы органдармен бірлесе тиісті жұмыс жүргізіңіздер. Орын алған кемшіліктерді реттеу керек. Мәселелерді бірлесе шешіңіздер, – деді Бейсенбай Тәжібаев.
Тұрғындарды МӘМС жүйесінде сақтандыру бойынша ілгері басу бар. Жауапты мамандар тарапынан жүргізілген анықтау және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде «Е» категориясы бойынша МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған басқа аймақтарға және шет мемлекеттерге қоныс аударған, тұрғылықты мекенжайда нақты тұрмайтын 1288 адам анықталып, олардың тізімі ақпараттық жүйеде өзектендіру үшін ішкі істер департаментіне жолданған.
Сонымен қатар «Д» категориясындағы азаматтардың тізіміне талдау жасалынды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аталған жүйеге 2006 адам тіркеліп, 700-ге жуық адам жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар 5 мыңнан астам адам басқа өңірлерге және шет мемлекеттерге көшіп кеткені анықталды. Бұл азаматтарды базадан шығару жұмыстары жүргізілуде.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА «AQ JOL, YASAWI TÚLEGI – 2024» АТТЫ ҚОШТАСУ КЕШІ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ҚЫТАЙ САПАРЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі