Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСАТЫН ТҮРКІСТАНДЫҚ СУ СПОРТЫ ШЕБЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

17 июля, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСАТЫН ТҮРКІСТАНДЫҚ СУ СПОРТЫ ШЕБЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ескек есу және желкен спорты қауымдастығының төрағасы Денис Жәрменов Олимпиада лицензиясын жеңіп алған спортшыларды қабылдап, оларға құрмет көрсетіп, сыйақы тапсырып, төртжылдықтың басты додасы – Олимпиада ойындарында үкілеген үмітті ақтауларына сенім білдірді.
Ұлттық құрама сапында өңірімізден Олимпиада және Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын бес спортшы бар.
Олардың қатарында байдарка мен каноэда есушілер – Бекарыс Раматулла, Сергей Токарницкий, академиялық есуден Владислав Яковлев, параканоеден Бибарыс Спатай мен Жаңыл Балтабаева сынды талантты сайыпқырандарға мол сенім артылып отыр. Түркістан облысында су спорт түрлері қарқынды даму үстінде. Халықаралық деңгейдегі додаларда жерлестеріміздің қоржыны жүлделермен толығуда.
Айта кетейік, XXXIII Жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. 10 күннен кейін алауы жанатын Олимпиада ойындарында қазақ спортшыларының бағы жанып, жүлделермен қуантады деген сенім бар.
Еске салсақ, Астана қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында «Дала қырандары» республикалық турнирі өтті. Айтулы күрес бәсекесіне еліміздің түпкір-түпкірінен іріктелген кіл мықтылар қатысып, өзара жеңімпазды анықтады.

Түркістан облысының балуандары 5 алтын, 8 күміс және 14 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық 1-орынды иеленіп, өңір мерейін асқақтатып қайтты. Айта кетейік, республикалық додаға облыстан жалпы 36 спортшы қатысып, 25-і жүлдемен оралды. Сондай-ақ қазақ күресінің қыр-сырын жақсы меңгерген жерлесіміз Ернұр Амирбек 65 келіде топ жарып, турнирдік үздігі атанды. Оны ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаевтың өзі марапаттап, жетістіктер тіледі. Осылайша, Айдос Сералиев шәкірттері республикада көш басында екенін дәлелдеп, туған жерге оралды.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ БЕЛТЕМІРГЕ ТАРТЫЛУДАН «TURKISTAN WORKOUT FEST» САЙЫСЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ВЕНГРИЯ ИНВЕСТОРЫМЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАУЫТ САЛУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі