Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Сауранда Нұртас Оңдасыновқа арналған республикалық конференциясы өтті

15 октября, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Сауранда Нұртас Оңдасыновқа арналған республикалық конференциясы өтті
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өмір жолы туралы деректі фильм қалың көрермен назарына ұсынылды. Сауран ауданының орталығында Нұртас Оңдасыновтың 120 жылдығына арналған «Ұлт қайраткері – Н.Оңдасынов» атты республикалық конференциясы өтті. Сауран ауданының орталығында Мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың 120 жылдығына арналған «Ұлт қайраткері – Н.Оңдасынов» атты республикалық конференциясы өтті. Ғылыми жиынды әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбек жүргізді. Шараға «Оңдасыновтанушы» жазушы, журналист, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Гүлсім Оразалиева, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хазіретәлі Тұрсын, журналист, сазгер, ғалым Бекжігіт Сердәлі, «Ұлы Дала Елі» орталығының директоры Гүлжанат Дюсенбекова сонымен қатар басқа да ғалымдар мен оқытушылар қатысты. Н.Оңдасыновтың өмір жолын және оның республиканың әлеуеті мен экономикасын дамытуға, қазақ ғылымы мен мәдениетін, қазақ тіл білімін насихаттауға қосқан үлесін кеңінен насихаттауға бағытталған конференцияның ашылу салтанатында оның өмір жолы туралы деректі фильм қалың көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар шара барысында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов пен аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев мінберден құттықтау сөздерін оқып, Н.Оңдасыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар жасалды. Өз кезегінде Құлбек Ергөбек Оңдасыновтың мемлекетті 13 жыл әділ басқарғанын, сондай-ақ оның басты қасиеті – еңбекқорлығы екенін баса айтты. Міне, осылайша 1922-1927 жылдар аралығында Ташкент орман шаруашылығы техникумында оқып, 1938-1951 жылдары Қазақстан үкіметін басқарып, 1954-1955 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы болып сайланып, қазақ үшін аянбай еңбек еткен қайраткердің артына қалдырған мұрасын елге жеткізу мақсатында ұйымдастырылған конференцияның кейінгі ұрпаққа берері мол екені кеңінен насихатталды.

Алдыңғы пост

Түркістан облысына 17 мыңнан асы шетелдік турист келген

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: «Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі» жобасы аясында семинар өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі