Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қазақстан

Мемлекеттік қызметші өзгелерге өнеге көрсетуі керек

31 декабря, 2024
in Қазақстан
0
Мемлекеттік қызметші өзгелерге өнеге көрсетуі керек
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Ұлттық құрылтайда мемлекеттік қызметшілердің қоғамдағы рөлі жайлы айтып, олар үшін кәсібилік пен отаншылдық сезімі бірінші орында тұруы керек екенін атап өтті. Ал, осы жылғы құрылтай аясында: «Жасампаздық рухының қоғамда терең орнығуы өте маңызды. Әлем қауымдастығында лайықты орнын иеленуді қалайтын ұлт өзін өзгелерден кем сезінуден және әлеуетін әлсірететін жалған түсініктерден арылып, болашаққа нық сеніммен қарауы керек» деп, мемлекеттің, ұлттың жарқын келбетін қалыптастыратын негізгі басымдықтарды атап өтті.
Атап өтер болсақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі ел Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген. Жарлықта мемлекет пен қоғам тарапынан айрықша сенім артылған мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларына жоғары талаптар қойылған.
Жалпы, мемлекеттік қызметшілердің әдебі адал ниеттілік – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби түрде және жауапкершілікпен қызмет ету, әділдік – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу, ашықтық – жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз етуге негізделеді.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілерге қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау, мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, біреудің қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен басқалардың тарапынан сынға себепкер болмау тәрізді талаптар қойылады. Ал, қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кез келген ортада кішіпейілділік танытуға, лауазымын асыра пайдаланбауға және қоғамдық ортаға жағымсыз іс-әрекеттер жасамауға міндетті.
Сонымен қатар, әріптестерімен қызметтік қарым-қатынас жасағанда өзге мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу немесе ондай келеңсіздікке жол бермеу үшін заңға сай шараларды қабылдауы, ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан тартынуы, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларға үйлеспейтін әрекеттер жасауға мәжбүрлемеуі, әріптестеріне қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуі тиіс. Көпшілік алдында сөйлегенде де мемлекеттік саясат, қызмет, лауазымды адамдар және мемлекеттік қызметшілерге қатысты теріс пікір немесе бейәдеп сөздер айтпағаны абзал.
Тиісінше, әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттік саясатты берік ұстанып, ел игілігі үшін қабылданған істерді жүйелі түрде жүзеге асыруға, мемлекеттік қызметке, мемлекетіміз бен оның институттарына деген сенімді сақтап, қалың көпшіліктің құрметін арттыруға үлес қосып келе жатыр.

Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі А.Есмурзаева

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨМІРГЕ ДЕГЕН ҚАЖЕТТІЛІК 150 МЫҢ ТОННАҒА АЗАЙҒАН

Келесі жаңалық

ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОМӘДЕНИ ТАНЫМДЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Апр    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі