Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Конго-қырым қызбасы ауруына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр

4 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Конго-қырым қызбасы ауруына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Республика көлемінде жыл сайын тіркеліп отырған Конго Қырым геморрагиялық қызбасы табиғи ошағы бар аурулардың қатарына жатады. Ауруды қоздырушы вирустың табиғатта жануарлар арасында айналысқа түсуіне байланысты ауруды мүлде жойып жіберу мүмкін емес, сондықтан табиғи ошақтары бар елді мекендерде аурудың кездесу ықтималдығы жоғары.
Аурудың деңгейін төмендету, эпидемиялық ахуалды күрделендірмеу, ауруды дер кезінде анықтап, қатерлі жағдайға жібермей ұстап тұру шараларын жүргізу тек қана медицина, ветеринария қызметкерлерінің немесе жергілікті әкімшіліктердің жұмыстары ғана емес, оған осындай аймақта тұратын елді мекендердің тұрғындары да ат салысуға тиіс. Осыған байланысты республика көлемінде қандай жұмыстар атқарылып жатыр деген сұрақ туындайды.
781 елді мекенде барлау жұмыстары жүргізілді. Түркістан облысында Конго-қырым геморагиялық қызбасы ауруына қарсы жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы облыстық зоопаразитологиялық топ құрамдарымен барлығы 781 елді мекенде барлау жұмыстары жүргізілді. Сынама нәтижелері көрсеткендей жиналған 62 918 дана кененің 136-нан Конго-қырым геморагиялық қызбасы ауруының қоздырғышы анықталған. Бұл туралы Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ақерке Еркінбекова мәлімдеді. «Облыста 2024 жылы Конго-қырым геморагиялық қызбасы ауруына 11 адам шалдыққан. Науқастардың 4-н кене шаққан, 6-ы мал күтімімен айналысқан, ал 1-і табиғи ошақта егістікпен айналысқан. Аталған ошақта эпидемияға қарсы және жұқтыру көзін анықтау мақсатында эпидемиологиялық, зооапаразитологиялық тексеру жұмыстары толық жүргізіліп, қоражайлар мен ауылшаруашылық малдарынан барлығы 3 468 кене жиналып, зерттеу қорытындысы бойынша 16 сынамадан аталған аурудың қоздырғышы анықталды. Айта кетейік, өткен жылы өңірде барлығы – 1 416 тұрғынды кене шағып медициналық ұйымдарға қаралған. Ал биылғы жылдың басынан осы күнге дейін аталмыш ауруды жұқтырған 1 жағдай тіркеліп отыр. Облыс бойынша 2025 жылдың бүгінгі күніне дейін барлығы 597 адамды кене шағып, азаматтар медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Облыс тұрғындарына айтарымыз, кене шаққан жағдайда міндетті түрде емханаларға барып тексерілу керек. Бұл аурудың алдын алудың ең тиімді жолы тазалық сақтап, кене шаққанда дер кезінде дәрігерге жүгіну»-деді спикер.

Алдыңғы пост

Түркістан облысында 1000 шақырымнан астам жол жөнделіп жатыр

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР МЕН СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ БАЛАЛАРЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬДІҢ АЛҒАШҚЫ АУЫСЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі