Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІН ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШІРУ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАР ӨТТІ

5 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІН ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШІРУ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАР ӨТТІ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде цифрландыру үдерісіне ерек¬ше басымдық беру заманауи цифрлы технологияларға негізделген ең дамыған 30 елдің қатарына кіру бастамасымен тікелей байланысты. Осы мақсатта 2017 жылы елдің Үшінші жаңғыруы аясында 2018–2022 жылдарға арналған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламаның негізгі бағыты – ел экономикасын дамытуды жылдамдату арқылы бәсекелестікті арт¬тыру және келешекте цифр¬¬лы технология¬ны қолданудың есебі¬нен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ел экномикасын дамыту үшін цифрлы тех¬нологияларды белсенді ендірудің маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Соңғы рет өткен жылы шетелдік инвес¬торлар кеңесінде Президент цифрландыру үрдісіне Қазақстан үшін ұлттық деңгейдегі басымдық деген баға берді. Президенттің айтуынша, алдағы бірнеше жылда еліміз Еуразия жүрегінде ең ірі және алдыңғы қатарлы цифрлы хабтың біріне айналуды мақсат тұтып отыр. Цифрлы технологияларды ендіруге жұм¬салған күш-жігер халық санасына тікелей әсер ете отырып, қоғамның бет-бейнесін түбегейлі өзгертіп келді.
Бүгінде заманауи цифрлы технологиялар әр азаматтың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналып үлгерді, олар күн өткен сайын өміріміздің түрлі саласын көбірек қамтып келеді. Ел жастары заманауи цифрлы технологияларды жылдам игеріп, жаһандық үрдістің барлық игілігін қолдануға шексіз мүмкіндік алып отыр. Атап айт¬қанда, интернет және ұялы телефон¬да қолжетімді Facebook, Twitter, YouTube сияқты әлеуметтік желілерді кең қолдану арқылы ақпаратты жылдам алу және түрлі салада жастардың өз бетімен білімі мен қабілетін арттыруына қолайлы жағдай қалыптасып келеді.
Қазығұрт ауданында әлеуметтік қолдау жүйесін цифрландыруға арналған оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі жобалық кеңсенің» басшысы Сағындық Фарида бастаған сондай-ақ әлеуметтік қолдау шараларын цифрлық форматқа көшіру бағытындағы пилоттық жобаны іске асырып жатқан жобалық топ мүшелері қатысты.
Семинарға арнайы жұмыс сапарымен келген топ құрамында Түркістан облысының «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасы басшысының орынбасары Күміс Мирова да болды.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев ашып, жүргізіп отырды. Оқыту жұмыстарына Қазығұрт аудандық полиция бөлімі, аудандық орталық аурухана мен емхана қызметкерлері, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, әлеуметтік педагогтар, ауыл округі әкімдері мен аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ мамандары қатысты.
Семинар барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен енгізіліп жатқан FSM Social ақпараттық жүйесі және Socium автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (ААЖ) туралы кең көлемді түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұл цифрлық платформалар мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудегі процестерді автоматтандыруға, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын тиімді етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мобильді қосымшалар адами факторды азайтып, шешімдердің дұрыстығын арттырып, мамандардың жұмысын жеңілдетуге бағытталған.

Алдыңғы пост

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ МАҚСАТЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР БАҚЫЛАНЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі