Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Шардарада шомылу маусымы ашылды

5 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Шардарада шомылу маусымы ашылды
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Отбасылық «Толағай» сайысы өткізілді. Шардарада шомылу маусымы салтанатты түрде ашылды. Түркістан облысында туризм саласын дамытуға басымдық берілуде. Оның ішінде Шардара ауданындағы «Nur-delux» жағажайында шомылу маусымының ашылуы өтті. Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Арман Қарсыбаев құттықтау сөз сөйлеп, шомылу маусымының сәтті әрі қауіпсіз өтуіне тілектестік білдірді. Мерекелік іс-шара аясында жағажай аумағында түрлі спорттық жарыстар – волейбол, футбол, арқан тарту, қошқар көтеру және гір тас көтеру бойынша бәсекелер, сондай-ақ отбасылық «Толағай» сайысы өткізілді. Сонымен қатар аудандық көркемөнерпаздар концерттік бағдарламасын ұсынып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шара барысында спорттық жарыстар мен отбасылық сайыстардың жеңімпаздары марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, аймаққа келетін туристердің саны жыл сайын артып келеді. Түркістан Қазақстанның және бүкіл түркі әлемінің ең ірі туристік орталықтарының біріне айналуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысына келген туристер саны 500 мыңнан асты. Ал біркүндік келушілер саны 1 миллионға жуықтады. Сондай-ақ 2024 жылдың III тоқсанында орналастыру орындарында демалған туристер саны 235 мың адамға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12%-ға өсті.

Қазір жаз мезгілі, шомылу маусымының қызған шағы. Әсіресе, оңтүстік өңір, Түркістан облысындағы өзен-көлдерде, суға шомылу аймақтарында балалардың қауіпсіздігі басты орында. Осы орайда Түркістан облыстық Полиция департаменті өзен-көлдерде шомылу адамдардың жеке өмірі үшін, әсіресе, балалардың қатерден қорғануда үлкен қиындық тудыратынын ескертеді. Қазақ «су тілсіз жау»деп тегін айтпаған. Жыл сайын суға шомылу маусымында қауіпсіздік ережелеріне немқұрайды қарап, өмірімен қоштасып жатқан жандар көп. Суға шомылу кезінде балалар ғана емес, ересек адамдардың да қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтамай, суда жүзе алмаса да тереңге барып жағалауға қайта алмауының соңғы қайғымен аяқталып жатқаны жасырын емес. Су тілсіз жау болғандықтан да көзсіз ерлікті, есерлікті, көзсіз батырлықты әсте кешірмейді.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР БАҚЫЛАНЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ХЭЙЛУНЦЗЯН ПРОВИНЦИЯСЫ АРАСЫНДА ІСКЕРЛІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ НЫҒАЙТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі