Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Лагерге барған оқушылар ерекше орындарға саяхат жасап жатыр

12 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Лагерге барған оқушылар ерекше орындарға саяхат жасап жатыр
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жазғы лагерьлер балалардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуде. Түркістан облысындағы мектеп оқушылары банан бағын аралап, ерекше орындарға саяхат жасауда. Сайрам ауданының білім беру ұйымдары жанындағы жазғы лагерьлер балалардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуде. Екінші ауысымның қатысушыларына қызықты бағдарлама ұйымдастырған. №47 жалпы білім беретін мектеп жанындағы жазғы лагерь оқушылары жылыжайдағы банан бағына экскурсия жасады. Аудан аумағында орналасқан жылыжайда тропикалық жеміс өсіріледі. Саяхат барысында жас өрендер банан шаруашылығында еңбек ететін бағбаншымен жүздесіп, баптау жолдары және құрамындағы пайдалы дәрумендер туралы тың ақпараттармен танысты. Олар өз көздерімен көрген кәсіптің қыр-сырын таңданыспен қабылдады. Бұл танымдық күн лагерьдегі оқушылар үшін есте қаларлық жарқын сәттердің біріне айналды.

Ал, №7 Бабыр атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің балалары Шымкент қаласындағы зообаққа барды. Жан-жануарлар әлеміне енген оқушылар саябақ ішінде суретке түсіп, қуанышқа бөленді. Топ жетекшілерімен тәрбиешілері табиғатқа деген сүйіспеншілікті ұғындырып, жер ананы аялауға және қорғауға баулыды. №5 М.Горький атындағы білім ұясының оқушылары аудан орталығындағы «HappyLand» балалар ойын-сауық орталығында болды. Бұл шара – достық қарым-қатынасты нығайтуға және ұжыммен әрекеттесуге септігін тигізіп, белсенді демалуына мүмкіндік сыйлады. Жазғы лагерьлердегі танымдық саяхаттар – баланың жан-жақты дамуына серпін береді. Демалыс уақытында балалар шығармашылық жұмыстармен айналысып, спорттық және мәдени шараларға қатысуда. Білім көкжиегін кеңейтіп, туған жерін танып-білуде. Зообақтар, демалыс орындары мен кәсіпорындарға экскурсия жүргізу жалғасады.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: Қытайда сарымсақты терең өңдеу ісі бойынша келіссөздер жүргізілді

Келесі жаңалық

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Түркістан облысына келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі