Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Төлебиде заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді

13 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Төлебиде заңсыз құрылысқа қарсы күрес күшейді
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданында 55 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Зұлпыхар Жолдасов Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Сала мамандарымен жиналыс өтіп, 4 мәселе қаралды. Аудандағы инфрақұрылым, туризм, заңсыз құрылыстар, дала өрт оқиғалары мен демалыс аймақтарындағы суға кету қаупінің алдын алу бағыттарындағы шаралар баяндалып, алдағы жоспарлар қаралды. Төлеби ауданында 55 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Дегенмен, кейбір елді мекендерде су құбырларын жаңартып, жаз мезгілінде су тапшылығын жою қажет. Осы ретте Балдыберек өзен бойындағы 12 елді мекендегі 25 мың тұрғынды сапалы ауыз сумен қамту, су тапшылығын шешу мақсатында төрт жоба ұсынылды. Ал Леңгір қаласындағы ауыз су мәселесін шешу үшін «Сайрам-Өгем» ұлттық паркі аумағындағы Ақмешіт бұлағынан су тарту жоспарлануда. Сондай-ақ 12 елді мекендегі ауыз су сапасын жақсарту мақсатында қосымша ұңғымалар қазылуда. Жиында дала өрттерінің алдын алу жұмыстары, шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары талқыланып, бұл бағыттағы жұмысты күшейту тапсырылды. Төлеби ауданында биыл суға бату оқиғасы тіркелмеген. Осы ретте демалыс аймақтарындағы бассейндерге оқыс оқиғалардың алдын алу үшін туристік полиция бөлімін іске қосу, дәрігер мамандарын қызметке алу ұсынылды. Сондай-ақ, жол апаты жиі орын алатын аймақтарға сергек камераларын көбейту жоспарлануда. Өңірдің су қорғау аймақтарындағы заңсыз құрылыс нысандарын анықтап, тиісті жұмыстар жүргізу жалғасуда. Жалпы 85 нысан зерделеніп, заң талаптары сақталмаған 44 нысан иелеріне ескерту хат жіберілген. Хаттама түзіліп, тиісті шара қабылдау жөнінде ұсыныс берілді. Сондай-ақ, туристерді «E-Qоnaq» жүйесіне тіркеу жұмысы жанданады. Зұлпыхар Сансызбайұлы жиын барысында тиісті сала өкілдеріне хаттамалық тапсырмалар жүктеп, олардың жүйелі орындалуы қатаң қадағаланатынын ескертті.

Алдыңғы пост

ЖЕТІСАЙ: ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

Түркістанда «Бизнес және инвестицияны қорғау» форумы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Октябрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Сен    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі