Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Аудандардағы құрылыс жұмыстары зерделенді

16 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Аудандардағы құрылыс жұмыстары зерделенді
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аппарат басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты нақты тапсырмалар берді. Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапарымен Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби аудандарына барып, бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысын қадағалады. Аппарат басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты нақты тапсырмалар берді. Іссапар барысында Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектептердің құрылысын бақылады. Ауданда жоба аясында биыл 900 орындық және 300 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Заман талабына сай бой көтеріп жатқан нысандарды осы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр. Ондағы құрылыс жұмыстарымен қаныққан аппарат басшысы құрылысты қарқындатуды тапсырды. Одан соң аппарат басшысы аудандық құрылыс бөлімінің тапсырысымен салынып жатқан 3 қабатты 2 тұрғын үйдің кешенімен танысты. Қазір онда 48 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы қызу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Сарыағаш қаласында бой көтеріп жатқан Жаңа буынды дамыту орталығының құрылыс барысы да назардан тыс қалмады. Апарат басшысы оңалту орталығының құрылыс жұмыстарын бақылап, мердігер мекеме өкіліне жұмыстарды белгіленген кестеге сай әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Қазіргі таңда үш қабатты оңалту орталығының ғимаратына ішкі әрлеу, жедел сату орнату,сыртқы абттандыру жұмыстары жүргізілуде. Келесі кезекте Қазығұрт ауданына барды. Алдымен Қазығұрт елді мекенінде салынып жатқан арендалық 2 қабатты 6 үйдің құрылысымен танысты. Биыл наурыз айында басталған нысанның жалпы құны – 1 247,2 млн. теңге. Биылғы жылдың соңына дейін ел игілігіне беру көзделуде. Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ елді мекенінде Ашық және жабық спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жеке инвестор есебінен салынып жатқан спорт кешенінің жалпы құны – 550 млн. теңге. Аудан әкімі Азизхан Исмайлов спорт кешенінің жобасымен таныстырып, бағытта атқарылып жатқан жұмысты баяндады. Аудандағы нысандарды аралап көрген Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапасына басты назар аударуға тапсырма берді. Төлеби ауданындағы нысандар да зерделенді. Ең бірінші «Қарақуыс» су қоймасының жай-күйімен танысты. Төлеби ауданы аграрлы аймақ болғандықтан, каналдарды тазарту және қалпына келтіру жұмыстары жергілікті атқарушы органның назарында. Осы мақсатта Кемеқалған ауылдық округіндегі «Қарақуыс» су қоймасының құрылысы жүргізілуде. Су айдынының сыйымдылығы – 1040 мың шекше метр, жалпы аумағы 13 гектарды құрайды. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталады деп күтілуде. Еркебұлан Дауылбаев су қоймасының құрылысына қатысты мердігер мекеме, техникалық қадағалаушы мекеме басшыларына жолығып, ауқымды жобаның сапалы және мерзімімен жүзеге асуын тапсырды. Ауданға қарасты Киелітас елдімекенінде Мәдениет үйі салынып жатыр. Одан бөлек Достық, Ынтымақ, Қосағаш елдімекендерінде 900 орындық және 300 орындық жайлы мектеп пен 150 оқу орындық жалпы орта мектеп бой көтеруде. Биыл оқу жылына орай 3 мектеп пайдалануға берілмек. Одан бөлек, Ленгір қаласында 5 қабатты 3 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Көксәйек елдімекенінде спорт кешені мен «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 600 орындық білім ұясы салынуда.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО: 20-ға жуық инвестициялық жоба бойынша келіссөздер өтті

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі