Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Ағын су тапшылығын еңсеру шаралары күшейтіліп жатыр

25 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Ағын су тапшылығын еңсеру шаралары күшейтіліп жатыр
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде кеңінен сөз болды. Түркістан облысында ағын су тапшылығын еңсеру шаралары күшейтілуде. Ағын су – ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігінің негізі. Түркістан облысында биылғы вегетациялық маусым жауын-шашынның аздығынан күрделі жағдаймен басталғанымен, әкімдік тарапынан қолға алынған жүйелі шаралар өңірдегі суару жүйесінің тұрақтылығын сақтап қалуға мүмкіндік беруде. Түркістан облысында егістік алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ету маусымы қалыпты жағдайда басталды. Алайда жауын-шашын мөлшерінің аздығы, ауа температурасының жоғары болуы су тапшылығы қаупін күшейтуде. Бұл туралы өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде кеңінен сөз болды. Облыста ауыл шаруашылығы дақылдары биыл 890 мың гектарға егілді, оның 552 мың гектары – суармалы алқаптар. Егістікке қажетті су көлемі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сұранысына сәйкес босатылып отыр. Вегетациялық кезең басталғаннан бастап суды реттеу аудан әкімдіктері мен шаруалар арасындағы келісім негізінде арнайы кестеге сай жүргізілуде. Облысқа жыл сайын 4,8 млрд текше метр су қажет. Алайда биыл ауа райының күрт өзгеруіне байланысты су қорының 30%-ға дейін қысқару қаупі бар.

Бұл әсіресе облыстың оңтүстік аймақтарында – Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарында сезілуі мүмкін. Су көздерінің басым бөлігі көрші мемлекеттер аумағынан келетінін ескерсек, трансшекаралық тәуелділік жағдайды күрделендіреді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су қауіпсіздігі мен үнемдеу технологияларын ұлттық басымдық ретінде айқындап, бұл бағыттағы жұмыстарға ерте қамдану қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстар – осы тапсырманың нақты жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді. Жағдайды тұрақтандыруға арналған нақты қадамдар жүзеге асуда. Мәселені оңтайлы шешу мақсатында бірқатар жобалар қолға алынды. Атап айтқанда, «Бәйдібек ата» және «Боралдай» суқоймалары салынуда.

Бұл «Бөген» суқоймасына қосымша 113 млн м³ су жеткізуге мүмкіндік береді. Су үнемдеу технологиялары жаңадан 27 мың гектарға енгізілмек. Жоспарланған межеден асып, 59 мың гектарға жеткізу көзделуде. Қазірдің өзінде 46 мың гектар алқапқа су үнемдеу жүйесі орнатылған. Машиналық су көтеру каналдары арқылы қосымша 11,3 м³/сек су берілуде. Бұл «Достық» магистралды каналының биылғы төмен көлемін (28,6 м³/сек) ішінара теңгеруге бағытталған. Сонымен қатар 25 су қоймасы, 1 су реттегіш және 269 канал күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұл су жүйелерінің тозу көрсеткішін 76%-дан 50%-ға дейін төмендетуге сеп болады. Нәтижесінде 400 мың гектар суармалы жерге су жеткізу мүмкіндігі артып, жыл сайын 200 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілмек.

Ағын суды заңсыз пайдаланушыларға қатысты қатаң шаралар қабылдануда. «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы облыстағы су нысандарына тұрақты тексеру жүргізіп, осы күнге дейін 20 құқық бұзушыға хаттама толтырып, айыппұл салған. Шардара ауданы прокуратурасымен бірлескен рейд барысында 24 заңсыз су сорғы құрылғысы анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Биылғы маусымдағы күрделі гидрометеорологиялық жағдайға қарамастан, Түркістан облысы ағын суды басқару, сақтау және тиімді пайдалануда жүйелі шаралар атқаруда. Су инфрақұрылымдарын жаңарту, үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу және бақылау тетіктерін күшейту арқылы өңірдің агросекторы ағын су тапшылығын еңсеруге қауқарлы болып отыр.

Алдыңғы пост

Түркістан облысында 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған

Келесі жаңалық

Түркістан облысында кешенді жылыжай жобасы жүзеге асырылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі