Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Мақтааралда 5 елді мекенге газ берілді

30 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Мақтааралда 5 елді мекенге газ берілді
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тұрғындардың ризашылығында шек болмады. Мақтаарал ауданында 5 елді мекенге табиғи газ берілді. Аудан әкімі Бақыт Асанов ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісу үшін күні кеше Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Өнімкер ауылында болды.

«Бұл — үлкен қуаныш пен маңызды тарихи сәт. Табиғи газдың берілуі — елді мекендеріміздің инфрақұрылымын дамыту жолындағы үлкен қадам. Бұл тек өмір сапасын жақсартып қана қоймай, тұрғындарымыздың тұрмыстық жағдайын жеңілдетуге, әлеуметтік және экономикалық дамуға жол ашады. Мемлекет басшысының ел халқын сапалы өмір сүру мүмкіндігімен қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалары мен бастамалары нәтижесінде, осындай игі істер жүзеге асып отыр» — деді Бақыт Насырханұлы.

Жиында аудан басшысы газдың жоспардан ерте қосылуына атсалысқан «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өңірлік филиалының директоры Ақылбек Абилдиевқа алғысын айтты. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары газ алауының жанғанына куә болып, үлкен қошеметтерін көрсетті. Тұрғындардың ризашылығында шек болмады. Газ берілген елді мекендердің ішінде Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ырысты, Қарақыр, Өнімкер елді мекендері және Жаңажол ауылдық округіне қарасты Арайлы, Достық елді мекендері бар. Жалпы Мақтаарал ауданында 68 елді мекеннің 46-ы газ жүйесімен қамтылған, бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 67,6% құрайтын еді. Жаңадан газ қосылған елді мекендердің есебінен бұл көрсеткіш және де артты. Айта кетейік, 2024 жылы облыстық және республикалық бюджеттен жалпы 6,3 млрд. теңге қаржы қаралып, 19 елді мекеннің ішкі газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысандардың жалпы құны 8,2 млрд. теңгені құрайды, құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі.

Сондай-ақ, қалған газдандырылмаған 4 елді мекенде ішкі газ жүйелерінің құрылысын бастау үшін биыл 891,0 млн. теңге қаржы қаралды. Міне, осы жұмыстардың арқасында бүгін 5 елді мекенге газ беріліп отыр. Жалпы аталған құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан соң 2026 жылы Мақтаарал ауданы 100% табиғи газбен қамтылатын болады.

Алдыңғы пост

Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Жергілікті бюджетке 114,3 млрд теңге түсім түсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі