Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Энергетика вице-министрі түркістандықтармен кездесті

30 июня, 2025
in Uncategorized
0
Энергетика вице-министрі түркістандықтармен кездесті
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тауарлық газ бағасын қалыптастыру сұрағына байланысты өңір жұртшылығымен кездесу өткізді. ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек Түркістан облысына келді. Түркістан облысына ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек жұмыс сапарымен келіп, тауарлық газ бағасын қалыптастыру сұрағына байланысты өңір жұртшылығымен кездесу өткізді. Кездесуде ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек тауарлық газ бағасының қалай қалыптасатыны жайында халықты құлақдар етті. — Құрметті жиынға қатысушылар! Жұртшылыққа, бизнес өкілдеріне, мәслихат депутаттарына және басқа да мүдделі органдарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Энергетика министрлігі, Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті, «QazaqGaz” ҰК» АҚ басшылығы және басқа да мүдделі органдардың қатысумен жұмысшы топ құрылып, бүгін Түркістан өңіріне келіп отырмыз.

Газ бағасының өзгеріп тұруына бірнеше маңызды факторлар себеп болады. Біріншіден, елімізде газдандыру қарқынды жүруде. Қазіргі таңда Қазақстан халқының 62%-ы көк отынмен қамтамасыз етілген. Дегенмен, тауарлық газды тұтыну — оны өндіру көлемінен едәуір асып кетіп отыр. Бұл «ҚазақГаз» ұлттық компаниясын газды өзіндік құнынан төмен бағамен сатуға мәжбүр етеді. Ұлттық компания қолданыстағы қазіргі бағалармен газды сатып алу, тасымалдау және республика аумағында тарату шығындарын толығымен жаба алмай отыр. Газ бағасының тиімді болуын қалыптастыру — газ инфрақұрылымын дамыту мен модернизациялауға қаражат бөлуге мүмкіндік беріп, жеткізілімнің тұрақтылығын арттыруға және өңірлердің газдандыру процесін жеделдетуге жәрдемдеседі. Сондай-ақ геологиялық барлау және көмірсутектерді қайта өңдеу сияқты салаларға инвестициялар тартуға мүмкіндік тудырады, бұл — саланың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етеді, — деді вице-министр. Жергілікті тұрғындар вице-министрге сұрақтарын қойып, жауаптарын ала алды.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: 372 елді мекенде интернет мәселесі шешіледі

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Төлебиде жыл бойы жұмыс істейтін лагерь ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі