Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан облысы әкімдігі Woosong University Kazakhstan университетіне 100 грант бөлді

2 июля, 2025
in Басты жаңалықтар
0
Түркістан облысы әкімдігі Woosong University Kazakhstan университетіне 100 грант бөлді
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде талапкерлерді қабылдау жұмыстары жүруде. Түркістан қаласында халықаралық талапқа сай Woosong University Kazakhstan университеті ашылады. Биыл күзде Түркістан қаласында халықаралық талапқа сай Woosong University Kazakhstan университеті ашылады. Аталған оқу ордасының құрылысы аяқталып, бүгінде талапкерлерді қабылдау жұмыстары жүруде. Бұл бастаманы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және Түркістан облысы әкімдігі бірлесе жүзеге асыруда. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру бойынша комиссия өткізіліп, қазіргі таңда 100 грант есептеліп, жергілікті мәслихат сессиясында қолдау тапты. Қабылдау комиссиясы Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде орналасқан.

Заманауи ІТ университетінде 2 мамандық бойынша білім беру жоспарлануда және 2000-ға жуық студентке дейін қабылдай алады. Мамандықтар: жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау; бағдарламалық қамтамасыз ету. Қазірдің өзінде 300-ден аса талапкерден өтініш түскен. Олардың 160-ға жуығы Астана, Алматы қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, СҚО, Абай, ШҚО, БҚО және Жетісу облыстарынан келсе, Қарақалпақстан Республикасынан да 1 үміткер оқуға құжат тапсырған. Айта кетейік, жуырда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Woosong» білім беру қорының құрметті төрағасы және басқарма мүшесі Сонг Кён Ким бастаған делегациямен кездесіп, Түркістанда ашылатын халықаралық университетті уақтылы тапсыру, жұмысын бастау, құжаттарын реттеу, оқу процесін нақтылау бағытындағы мәселелерді жүйелеген болатын. Оқу ордасына құжаттар қабылдау жұмыстары жалғасады. Қосымша мәліметті 8 776 170 8242 телефон нөміріне хабарласу арқылы білуге болады.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: Жаңа кәсіпорындар ашу бойынша меморандум жасалды

Келесі жаңалық

Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі