Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістандық колледж өкілдері Қытайда тәжәрибе алмасты

2 июля, 2025
in Uncategorized
0
Түркістандық колледж өкілдері Қытайда тәжәрибе алмасты
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аграрлық колледждерінде жұмыс істейтін 8 агроном-оқытушысы қатысты. Шэньси провинциясының Вэйнань қаласында фермерлерге арналған халықаралық оқыту курстары өтті. Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында Шэньси провинциясының Вэйнань қаласында фермерлерге арналған халықаралық оқыту курстары өтті. Бұл бағдарламаға Түркістан облысының аграрлық колледждерінде жұмыс істейтін 8 агроном-оқытушысы қатысты.

Аталған сапар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей қолдауымен жүзеге асып, өңір мамандарының әлемдік деңгейде білім алып, халықаралық тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасалды. Курс Қытайдың жетекші аграрлық университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қатысуымен ұйымдастырылды. Бағдарлама Орталық Азияның нақты климаттық және өндірістік ерекшеліктеріне бейімделіп жасалған. Тренингтер аясында қатысушылар органикалық егіншілік, су үнемдеу технологиялары, агроинновациялар, тұқым шаруашылығы, цифрлық ауыл шаруашылығы, агробизнес және экспортқа бағытталған өнім өндірісі бойынша білім алды. Сапардың негізгі мақсаты – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, заманауи агротехнологияларды енгізу және ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Алдағы уақытта шетелдік әріптестермен бірлескен жобалар әзірленіп, үйренген тәжірибе нақты іске асырылады.

2024 жылғы 7 шілдеде Вэйнань мен Түркістан қалалары арасында достық, алмасу және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бұл құжат Қытай бас хатшысы Си Цзиньпин ұсынған “Бір белдеу – бір жол” бастамасы аясындағы халықаралық байланысты нығайтудың нақты көрінісі саналады. Вэйнань қаласының сыртқы экономикалық және техникалық ынтымақтастық бюросының бастамасымен ұйымдастырылған бұл іс-шара Қытайдың заманауи ауыл шаруашылығын дамытудағы жаңа технологиялары мен тұжырымдамаларын үйренуге бағытталды. Вэйнань аймағының ауылшаруашылық ресурстық әлеуетіне сүйене отырып, алдағы уақытта осындай мақсатты оқыту алмасулары жалғасады.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: Кәсіпорындар мен зауыттар көбейіп жатыр

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Жайлы мектептерге қатысты мәселелер қаралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі