Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН: ӘР АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

12 июля, 2025
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН: ӘР АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдады. Қоғамдық қабылдауға партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева да қатысты. Бұл – «AMANAT» партиясы қолға алған ашықтық пен халықпен кері байланыс орнату бағытындағы жүйелі жұмыстың бір көрінісі. Қоғамдық қабылдаулар халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, нақты мәселелердің шешілуіне жол ашады.
Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі білім саласындағы мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, азаматтар мектептерге жұмысқа орналасудағы кедергілер, жұмыссыздық, білім саласындағы заңсыздықтар мен әділетсіздіктер, заңсыз жұмыстан шығару жағдайлары бойынша шағым түсірді. Тұрғындар білім саласындағы кадрлық саясаттың ашықтығына, әділдігіне сенім артып, өздерінің білімі мен біліктілігіне сай лайықты жұмысқа орналасуға қолдау көрсетуді сұрады. Қоғамдық қабылдауда сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің немқұрайлығы, тегін дәрі-дәрмекке қолжетімділіктің төмендігі, тұрғын-үй кезегі жылжуының баяулығы, әлеуметтік жағдайының төмендігінен көмек сұраған азаматтардың мәселелері де көтерілді.
Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заң аясында түсініктеме берді. Ол айтылған өтініштердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын, әр мәселе бойынша тиісті басқармалар мен бөлімдерге нақты тапсырмалар берілетінін, бақылауға алынатынын атап өтті.
Қабылдау барысында партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева бүгінгі қабылдауда көтерілген мәселелер қоғамдағы өзекті түйткілдердің айқын көрінісі екенін, партия филиалы тарапынан да барлық шағымдар мен ұсыныстар тиісті органдарға жолданып, бақылауға алынатынын жеткізді.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 5 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІ ЖӘНЕ ЕТ КОМБИНАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі