Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН: Өзекті мәселелер талқыланды

23 июня, 2025
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН: Өзекті мәселелер талқыланды
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Облыстық жер қатынастары басқармасы – 3, ветеринария басқармасы 5 тапсырманы орындаған. Түркістан облысы әкімінің орынбасары өзі жетекшілік ететін салаларға қатысты тапсырмалардың орындалуын қарады,. Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп саласын дамыту бойынша бекіткен міндеттерін, үкімет пен министрлік қабылдаған бағдарламаларды жүзеге асыру үшін облысымызда кешенді жоспар түзіліп, тапсырмалар берілген. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өзі жетекшілік ететін салаларға қатысты тапсырмалардың орындалу барысын аудан, қала әкімдерінің орынбасарларымен бірге қарап шықты. Ауыл шаруашылығы басқармасына берілген 279 тапсырманың 215-і орындалып, бақылаудан алынған. Облыстық жер қатынастары басқармасы – 3, ветеринария басқармасы 5 тапсырманы орындаған. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 10 тапсырма орындалу барысында екенін жеткізді. Аудан, қала әкімдіктері тежелген тапсырмалардың атқарылу мерзіміне қатысты баяндады.

Мәселен, Мақтарал ауданында су үнемдеу технологиясын 8 мың гектарға енгізу межеленген. Бүгінгі күнге дейінгі көрсеткіш – 3,3 мың гектар. Оның 1 мың гектарға жуығы – мақталық алқап. Жауаптылар шаруашылықтар арасында су үнемдеу әдісінің қажеттілігі мен пайдасын түсіндіруді жалғастырып келеді. Ордабасы ауданында жұмысшы топ анықтаған мал тіркелмеген 21,8 мың гектар жайылымдық жерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша құжаттары рәсімделу сатысында. Аудан әкімінің орынбасары тапсырма мерзімінде орындалып, аяқталатынын баяндады. 5 айдың қорытындысымен Отырар ауданына агроөнеркәсіп кешеніне тартылған инвестиция 5,3 млрд. теңгені құраған.

Тамшылатып суғару әдісі 3,3 мың гектарға енгізілген. Аудан әкімінің орынбасары межеге жету үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Нұрбол Тұрашбеков нәтижеге жету үшін шаруашылықтармен, жеке шаруалармен, диқандармен тығыз байланыс орнату қажеттігін атап өтті. – Бағдарламалар бізге түсінікті, өйткені осы салада жүрміз. Ал, қарапайым шаруаға түсіндіру, көзін жеткізу, қолдау білдіру, көмектесу – сіздерге жүктелген міндет. Түсінбегенін мамандардан сұрап, шаруасын дамытатын жағдайға жетуіміз керек. Ашық болыңыздар! «Мәселені шешемін» деген адам жолын табады, – деген облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға жұмысты заң аясында ұйымдастыруды, сыбайластық әрекеттерге жол бермеуді қатаң ескертті.

Алдыңғы пост

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ — ҚЫТАЙ» ІІ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ: Түркістан облысы 3 ірі жоба бойынша меморандумға қол жеткізді

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Төлебиде балаларға арналған модульді лагерь ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі