Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Өрт қауіпсіздігін сақтау жұмыстары күшейтілді

23 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Өрт қауіпсіздігін сақтау жұмыстары күшейтілді
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аталған мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысы аумағында өрт қауіпті кезең басталғалы өртке қарсы жұмыстар да күшейтіле түсті. Түркістан облысы аумағында өрт қауіпті кезең басталғалы өртке қарсы жұмыстар да күшейтіле түсті. Аталған мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров осы бағыттағы жұмысты уақтылы үйлестірмеген және тиісті мәлімет ұсынбаған басшыларға ескерту жасады. – Облыс аумағындағы жолдардың бойында минералды жолақ сызу жұмыстарын мамыр айында аяқтауды тапсырғанмын. Кейбір аудандар бұл тапсырманы кешіктірді. Мұндай олқылықтар қайталанбауы тиіс. Облыс аумағында орман дала өрттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы ісшара жоспары бекітілген. Осы бағытта жұмысты сапалы атқару керек. Орман, дала өрттерінің алдын алу және олармен күрес жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырамын, – деді Нұралхан Көшеров. Мәжілісте Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы А.Төлешев пен Облыстық жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының басшысы С.Бүрлібаевтің есептері тыңдалды. Өңірде орман және дала өрттерінің алдын алу жұмыстарының іс-шаралар жоспары бекітіліп, облыс аумағында 478 елді мекен жиегін өртке қарсы минералды жолақ жырту және жаңғыш құрғақ шөптерден тазарту туралы тапсырма берілген. Жоспарланған іс-шаралар орындалу барысы қажетті деңгейде ұйымдастырылуда. Алайда кейбір аудандарда жұмыс толық әрі сапалы емес. Бұл бағытта тиісті тапсырмалар берілді. «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның Түркістан облыстық филиалы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 312 шақырымына минералды жолақ жүргізсе, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы облыстық маңызы бар 1287 шақырым жолдың бойына минералды жолақ жүргізген. Сонымен қатар облыс әкімдігімен 37 маусымдық өрт сөндіру бекеттерін құру жоспары бекітіліп, бүгінде 23 бекет орнатылған. Тиісті жұмыс жалғасуда.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: Төлебиде балаларға арналған модульді лагерь ашылды

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Жыл басынан бері 56 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі