Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Қыс мезгілінде көлік қатынасын тұрақты қамтамасыз ету және қауіпсіздікті арттыру

10 декабря, 2025
in Басты жаңалықтар
0
Қыс мезгілінде көлік қатынасын тұрақты қамтамасыз ету және қауіпсіздікті арттыру
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы алдағы қыс маусымына жан-жақты дайындықты бастады. Өңірде ауа райының күрт өзгеруі, қардың қалың түсуі мен көктайғақтың жиі байқалуы жол қозғалысына айтарлықтай ықпал ететіні белгілі. Осыған байланысты облыстық әкімдік, жол қызметтері, полиция және төтенше жағдайлар бөлімдері бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеп, қыс мезгіліндегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтіп отыр.

Түркістан облысы аумағындағы жалпы пайдаланымдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 3919,04 шақырымды құрайды. Оның ішінде, бірінші кезекте қардан тазаланатын және инертті материалдар себілетін жолдар 1943,3 шақырым болса, таулы аймақтарда орналасқан, қар қатты басып қалу қаупі жоғары учаскелер – 434 шақырым. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша 2025-2026 жылдар аралығындағы қысқы дайындық жұмыстарын «Оңтүстік жолдары» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүргізуде.

Түркістан облысында 2025–2026 жылдар аралығындағы қыс мезгілінде үздіксіз жол қатынасын ұйымдастыру және қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында 127 жұмысшы жұмылдырылуда және 70 дана арнайы техника толық дайын. Жолдарды дер кезінде тазалау және көктайғақтың алдын алу үшін қажетті инертті материалдардан 6100 м³ құм, 860 тонна тұз дайындалуда. Сонымен қатар желтоқсан айына жеткілікті 2010 м³ құм және 490 тонна тұз қоры бар. Арнайы техникаларға пайдаланылатын жанар-жағармай отынымен қамтамасыз ету мақсатында жанар-жағармай бекеттерімен келісімшарттар жасалып, жалпы 25 тонна дизель, 15 тонна бензин отыны әзірленді.

Қыс мезгілінде тайғақ қаупі жоғары аймақтар белгіленді. Сол учаскелерге 760 «тайғақ жол» белгісі орнатылып, инертті материалдардың үйіндісі жасалды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және қажет жағдайда шұғыл іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында құзырлы органдармен бірлесе шұғыл әрекет ету іс-шара жоспары әзірленді. Сонымен қатар қосалқы мердігерлермен төтенше жағдай туындаған жағдайда күш және техникамен қамтамасыз ету жөнінде меморандумдар жасалды. Жолдарды тәулік бойына бақылауда ұстау мақсатында кезекшілік кестесі бекітілді.

Ауа райының қолайсыз мезгілінде жолда қалып қойған жолаушыларға көмек көрсету мақсатында облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойында 4 жылыту бекеті ұйымдастырылған. Нақтырақ айтқанда, Бәйдібек ауданында «Шыбықбел», «Одаманбұлақ» жылыту бекеттері, Созақ ауданында «Ащысай», «Таскөмірсай» жылыту бекеттері бар. Бұл жылыту бекеттерін жылы күйде ұстау үшін 70 тонна көмір дайындалып, тәулік бойына кезекшілік қойылды. Төсек орынмен толық қамтамасыз етілген әр бекет бір мезгілде 40 адамды қабылдай алады.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы үздіксіз жол қатынасын ұйымдастыру және қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында.

Жоғарыда аталған шаралар Түркістан облысында қыс мезгілінде жол қозғалысын үздіксіз ұйымдастыруға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Әкімдік, жол қызметтері, полиция және құтқару қызметтері үйлесімді жұмыс істеп, кез келген төтенше жағдайға дайындық деңгейін арттырды. Бұл өңір тұрғындарына қауіпсіз, тұрақты және сенімді жол қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алдыңғы пост

Инвестициялар – Түркістан облысының экономикалық дамуының кепілі

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Төлебиде жылына 120 мыңға жуық арнайы киім тігіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі