Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Шетелдік инвесторға Түркістан облысының инвестициялық және туристік әлеуеті кеңінен таныстырылды

8 января, 2026
in Басты жаңалықтар
0
Шетелдік инвесторға Түркістан облысының инвестициялық және туристік әлеуеті кеңінен таныстырылды
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында шетелдік инвестиция тарту, халықаралық әріптестікті нығайту және өңірдің экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытай Халық Республикасының «China Wuhan Chengye Culture & Tourism Co., Ltd.» компаниясының заңды өкілі Чен Гаомен ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты әріптестік орнату, өңірге инвестиция тарту, сондай-ақ мәдениет және туризм салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін жан-жақты талқылады. Онлайн кездесуге облыстың жауапты сала басшылары да қатысып, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері мен басым бағыттары туралы нақты ақпарат ұсынды.

Түркістан – инвестиция тартуда көшбасшы өңір

Кездесу барысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан облысының инвестиция тарту бағытында республика көлемінде көшбасшы өңірлердің бірі екенін атап өтті. Аймақ басшысы соңғы жылдары өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобаларға, қолайлы бизнес ахуалға және инвесторлар үшін жасалып отырған жүйелі қолдауларға кеңінен тоқталды.

– Түркістан облысы инвесторлар үшін ашық әрі сенімді әріптес. Біз инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық алаңдарды ұсынамыз. Мемлекеттік қолдау тетіктері, салықтық және әкімшілік жеңілдіктер қарастырылған. Инвесторлардың бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді облыс әкімі.

Индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық алаңдардың мүмкіндіктері таныстырылды

Кездесу барысында шетелдік инвесторға облыс аумағында орналасқан индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық аймақтардың мүмкіндіктері егжей-тегжейлі таныстырылды. Инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жер телімдерін бөлу, кадрлық әлеует, логистикалық қолжетімділік және мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық ақпарат берілді.

Сонымен қатар, Түркістан облысының мәдени-туризм саласындағы әлеуеті ерекше атап өтілді. Түркістан қаласының тарихи мәртебесі, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, халықаралық туризмді дамытуға бағытталған инфрақұрылымдық жобалар және жаңа туристік кластерлер шетелдік компания өкілінің қызығушылығын тудырды.

Мәдени-туризм саласындағы бірлескен жобаларға қызығушылық жоғары

«China Wuhan Chengye Culture & Tourism Co., Ltd.» компаниясының өкілі Чен Гаомен Түркістан өңірінің тарихи-мәдени маңызы мен туристік әлеуетіне жоғары баға беріп, мәдени-туризм бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді. Атап айтқанда, туристік инфрақұрылымды дамыту, мәдени нысандарды жаңғырту, заманауи туристік өнімдер қалыптастыру бағыттарындағы мүмкіндіктер талқыланды.

Тараптар алдағы уақытта нақты инвестициялық жобаларды пысықтап, өзара ынтымақтастықты практикалық деңгейге көтеру жөнінде келісімге келді.

Инвестиция – нақты экономика мен тұрақты табыстың негізі

Кездесу соңында Түркістан облысының инвестициялық жетістіктеріне ерекше назар аударылды. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша облыс экономикасына 1,4 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 123 пайызды құрады. Нәтижесінде өңірде шамамен 146 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

Бұл көрсеткіштер инвестицияның нақты экономикаға айналып, өндіріс көлемін арттыруға, тұрақты табыс көздерін қалыптастыруға және салық базасын кеңейтуге тікелей әсер еткенін айқын көрсетеді. Сондай-ақ бұл Түркістан облысының ұзақмерзімді даму стратегиясының дұрыс бағытта жүзеге асып жатқанын дәлелдейді.

Онлайн форматта өткен бұл кездесу Түркістан облысының халықаралық инвестициялық байланыстарын кеңейту жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды. Алдағы кезеңде нақты жобалар аясында бірлескен жұмыстар жалғасып, мәдениет пен туризм салаларындағы серіктестік өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беретіні күтілуде.

Түркістан облысы шетелдік инвесторлар үшін сенімді серіктес, әлеуеті жоғары әрі даму мүмкіндігі мол өңір екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында тауарлы бетон өндіретін заманауи кәсіпорын іске қосылды

Келесі жаңалық

Түркістанда заманауи ана мен бала орталығы бой көтеруде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Январь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі