Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН: Сауран ауданына 6 млрд. теңгеге инвестиция тартылып, жаңа өндіріс аймағы құрылады

20 января, 2026
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН: Сауран ауданына 6 млрд. теңгеге инвестиция тартылып, жаңа өндіріс аймағы құрылады
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ішкі нарықпен қатар экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. Сауран ауданына 6 млрд теңгеге инвестиция тартылып, жаңа өндіріс аймағы құрылады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасы аясында Сауран ауданында инвестиция тарту, жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету және бірқатар жобаларды жүзеге асыру қолға алынған. Осы мақсатта Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров «EURO SANDWICH PANEL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Қытай Халық Республикасының CHONGQING JINJIAHANG CONSTRUCTION ENGINEERING CO., LTD компаниясы өкілдерімен ресми кездесу өткізді. Кездесуде Сауран ауданы аумағында жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобаның барысы және оны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Нақтырақ айтқанда, «EURO SANDWICH PANEL» ЖШС-не Шаға ауылдық округі аумағынан көлемі 2,5 гектар жер телімі бөлініп, бұл аумақта сэндвич-панельдер мен металл конструкцияларын өндіретін зауыт, сондай-ақ электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған құрылғыларды шығаратын өндіріс орнының құрылысы жүргізіліп жатыр. Электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған құрылғылар 7 жыл көлемінде эксперименттік сынақтан өткен, жоғары сенімділігімен және қауіпсіздік талаптарына толық сәйкестігімен ерекшеленеді. Қазіргі таңда бұл өнім әлем бойынша тек Қытай Халық Республикасында ғана өндірілуде. Алдағы уақытта аталған технология Сауран ауданында да өндіріліп, ішкі нарықпен қатар экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. Жобаның негізгі мақсаты – құрылыс және өнеркәсіп салаларын отандық сапалы өніммен қамтамасыз ету, импортты алмастыру, өндірістегі қауіпсіздік деңгейін көтеру және өңірдің индустриялық әлеуетін нығайту. Жалпы инвестициялық құны 6,0 млрд теңгені құрайтын жоба толық іске қосылған жағдайда 65-70 жаңа тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген. Кездесу барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жобаның стратегиялық маңыздылығына тоқталып, электр қауіпсіздігіне арналған заманауи құрылғылардың Сауранда шығарылуы – аудан үшін үлкен жетістік екенін жеткізді. Сондай-ақ әкімдік тарапынан инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Аталған инвестициялық жоба Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірістік инфрақұрылымды дамытуға және қауіпсіздікке бағытталған заманауи технологияларды өңірге енгізуге мүмкіндік береді.

 

Алдыңғы пост

Төлеби ауданында инвестор 400 млн теңгеге балық шаруашылығын қолға алды

Келесі жаңалық

Түркістан облысында халықаралық аграрлық жоба жүзеге асырылып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Февраль 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728  
« Янв    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі