Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан облысында кіріс көлемі артты

23 января, 2026
in Uncategorized
0
Түркістан облысында кіріс көлемі артты
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жоспар 275,2 млрд теңге болса, нақты түсім 301 млрд теңгені құрады. Түркістан облысында өзіндік кірістер мен түсім көлемі артты. Түркістан облысында 2025 жылдың қорытындысымен өзіндік кірістердің жоспары 109%-ға немесе 25,6 млрд теңгеге артығымен орындалды. Жоспар 275,2 млрд теңге болса, нақты түсім 301 млрд теңгені құрады. Оның ішінде салықтық түсімдер бойынша жоспар 107% немесе 16,8 млрд теңгеге артық орындалып отыр. Жоспар 230,3 млрд теңге болса, нақты түсім – 247,1 млрд теңге. Бюджеттің атқарылуы мен осы саладағы өзекті мәселелер мен жоспарлар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиналыста талқыланды. Өңір басшысы облыстың негізгі бағыттары – инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, жаңа жұмыс орындарын көбейту арқылы өзіндік кірісті арттыру екенін жеткізді. – 2025 жыл қорытындысымен өзіндік кірістер мен салықтардың жоспары орындалғанымен, кейбір аудандар орындамай отыр. Корпоративтік табыс салығы түсімдері бойынша да мәселелер бар. Назарға алыңыздар. Бюджет кірістерінің әрбір көзін сапалы орындауды, бюджет қаражатын мерзімінде әрі сапалы игеруді тапсырамын. Өзіндік кіріс көздерін ұлғайту керек. Инвестиция тарту, өндіріс орындарын көбейту бағытындағы жұмысты ширата түскен жөн, – деді Нұралхан Көшеров. Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Гүлфари Әжіметованың айтуынша, өзіндік кірістердің өсу қарқыны 119% немесе түсімдер 48 млрд теңгеге артығымен қамтамасыз етілді (2024 жылы – 253,1 млрд теңге, 2025 жылы – 301 млрд теңге). Облыстық бюджеттің орындалуына келетін болсақ, жоспар 109% немесе 11,3 млрд теңгеге артығымен орындалды. Жоспар 129,6 млрд теңге деп бекітілсе, нақты түсім 140,8 млрд теңгеге жетті. Облыстық бюджеттің түсімдері 24% немесе 27 млрд теңгеге артып, 140,8 млрд теңгеге жетіп отыр. 2025 жыл қорытындысымен 5 454 корпоративтік табыс салығының төлеушілері есебінен түсімдер 18 млрд теңгеге артып, 47,5 млрд теңгеге жеткен.

 

Алдыңғы пост

Су қауіпсіздігі – Түркістан өңірінің басты басымдығы

Келесі жаңалық

Түркістан облысындағы әлеуметтік мекемелер жергілікті азық-түлік өнімдерін тұтынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Февраль 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728  
« Янв    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі