Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Шағын өндірістік парк заманауи жобалармен толығып жатыр

26 января, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Шағын өндірістік парк заманауи жобалармен толығып жатыр
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс басшысы өндірістік нысандардың құрылыс сапасы мен жұмыс қарқынына назар аударып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Түркістан облысындағы шағын өндірістік парк заманауи жобалармен толығып жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданында орналасқан шағын өндірістік парктің аумағын аралап, жүзеге асырылып жатқан жобалардың жай-күйімен танысты. Облыс басшысы өндірістік нысандардың құрылыс сапасы мен жұмыс қарқынына назар аударып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында «Үкімет пен әкімдер мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық тұғырын нығайту үшін көп жұмыс істеуі керек» дей келе маңызды міндеттер жүктеді. Бұл ретте экономиканы әртараптандыру, өндіріс орындарын ашудың маңызы зор. Біз инвесторларға қолайлы жағдай жасап, жұмыс орындарын көбейтуді жалғастыра береміз. Облыстағы шағын өндірістік парктердің жұмысы қадағалауда тұр. Өндірістік парктегі жобалар уақтылы жүзеге асырылуы керек, – деді Нұралхан Көшеров. Өндірістік парк аумағында ауыл шаруашылығы машиналары (тракторлар) мен аспалы жабдықтарды өндіру жобасы іске асырылуда. Аталған жобаның жалпы құны – 2,1 млрд теңге. Жоба 3,9 гектар аумақта орналасқан, өндірістік нысанның жалпы аумағы 7939,4 шаршы метрді құрайды. Құрылыс пен іске асыру жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарланған. Өңір басшысы осы жоба аясында өндіріс көлемін ұлғайту, заманауи технологияларды енгізу және жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мәселелеріне баса мән беру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар Нұралхан Көшеров өндірістік парк аумағындағы өзге де жобаларды қарап шықты. Парктің кеңсе ғимаратының құрылысына ерекше назар аударып, нысанды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Өндірістік парктің толық іске қосылуы өңірдің индустриялық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және экономиканың әртараптануына серпін бермек. Айта кетейік, Түркістан маңында отандық өндірісті дамыту және қайта өңдеуді қолдау мақсатында 100 гектар аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 152 ғимарат салып, 6 040 жұмыс орнын құру жоспарланған. Жобаның І кезеңінде 40 ғимарат салынып, 32 жоба қосылды. 1 220 жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде бюджеттің 1 теңгесіне 8,5 теңге жеке инвестиция тартылған. Жалпы, облыс бойынша жалпы 21 шағын өндірістік алаңдары құрылып, ғимараттар салу бойынша тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Негізгі бағыттар ретінде: құрылыс материалдары, жиһаз, пластик және резеңке, химия өнімдері өндірістері мен жеңіл өнеркәсіп айқындалды. Өндірістік парк аумағында жиһаз, жаңбырлатып суғару, сусын, мұздатқыш және құрылыс заттарын шығаратын зауыттар ашылып үлгерген.

Алдыңғы пост

Түркістан облысында капсулалы үйлер шығарылып жатыр

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТКЕ 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕ САЛЫҚ ТҮСКЕН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
« Фев    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі