Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН: Жетісай ауданында тік дренажды ұңғымалар салынып жатыр

30 января, 2026
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН: Жетісай ауданында тік дренажды ұңғымалар салынып жатыр
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

20 мың гектар алқаптың мелиоративтік жағдайын қайта қалпына келтіру көзделген. Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов ауданда салынып жатқан тік дренажды ұңғымалардың құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасына бақылау жүргізді. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес өңірде ауыл шаруашылығы жерлерінің мелиоративтік жағдайын жақсарту, жер асты суы деңгейін реттеу және егістік алқаптардың өнімділігін арттыру мақсатында кешенді жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатта Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов ауданда салынып жатқан тік дренажды ұңғымалардың құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасына бақылау жүргізді. Жауапты сала мамандарымен және мердігер мекеме өкілдерімен бірге құрылыс алаңдарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігін, қолданылып жатқан құрылыс материалдарының сапасын және белгіленген мерзімдердің сақталуын тексерді. Техникалық қауіпсіздік талаптарының орындалуына назар аударды. Зерделеу барысында кейбір ұңғымаларда құрылыс жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі, техникалық талаптардың толық сақталмауы және ұйымдастыру мәселелеріндегі олқылықтар, шаруалардың егістік алқаптарға өтуіне кедергі келтіру секілді бірқатар кемшіліктер анықталып, мердігер мекеме өкілдеріне қатаң ескерту жасалды. Жауапты бөлім басшыларына мердігерлермен жұмысты күшейту жөнінде нақты тапсырмалар беріліп, құрылыс нысандарындағы жұмыстардың сапасы мен мерзімін қатаң бақылауда ұстау тапсырылды. Дренаж жүйелерінің сапалы салынуы өңір үшін аса маңызды екені, бұл жобаның ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына тікелей әсер ететіні айтылды. Айта кетейік, 2023 жылдың қазан айында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі «ҚазСушар» РМК тапсырысымен «Ислам Даму банкі» қаржысы есебінен басталған 210 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру жұмыстары 2026 жылдың сәуір айында толығымен аяқталып, ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде. Жоспар бойынша «КиікбайСтройСервис» ЖШС арқылы Мақталы, Қызылқұм, Абай ауылдық округтеріндегі 97 дана тік дренаж қалпына келтіріліп, 16 мың гектар алқаптың мелиоративтік жағдайын жақсарту көзделген болса, «Арт-Құрылыс» ЖШС арқылы Ералиев, Ынтымақ, Ш.Ділдабеков ауылдық округтеріндегі 113 дана тік дренажды қалпына келтіру арқылы 20 мың гектар алқаптың мелиоративтік жағдайын қайта қалпына келтіру көзделген.

Алдыңғы пост

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАПУСТЯТ КРУПНЕЙШИЙ В СТРАНЕ ПРОМЫШЛЕННЫЙ ТЕПЛИЧНЫЙ КОМПЛЕКС

Келесі жаңалық

Түркістан облысында еліміздегі ең ірі өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Февраль 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728  
« Янв    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі