Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ЕҢБЕК АДАМЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

26 февраля, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ЕҢБЕК АДАМЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

✨Түркістан өңірінде жаңа Конституция жобасын елге таныстыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтқанда, жалпыұлттық коалиция мүшелері аудан, қалаларға арнайы барып, азаматтармен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын атқарып келеді. Осындай жиынның бірі Төлеби ауданындағы «Qazaq Bitum» ЖШС-да өткізіліп, коалиция мүшелері, Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Әлішер Сатвалдиев, облыстық мәслихат депутаттары Ғалымжан Елшібай, Ханай Әшірбеков және “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев еңбек ұжымына заңнамалық реформаның мән-маңызын айтып берді. Оның ішінде жаңа конституциялық өзгерістердің өндіріс саласын дамытудағы рөлі, адал бәсекелестікті қалыптастыру, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру мәселелері сөз болды.

Коалиция өкілдері реформалардың басты мақсаты – экономиканың нақты секторын нығайту, отандық өндірісті қолдау және еңбек адамының мәртебесін арттыру екенін атап өтті. Әсіресе, адал бәсекелестік қағидаттарын күшейту арқылы кәсіпкерлер үшін тең мүмкіндік қалыптастыру, өндіріс орындарының тұрақты дамуына жағдай жасау бағытындағы өзгерістерге ерекше тоқталды.

— Конституциялық реформа – бұл тек заңнамалық өзгеріс емес, бұл – әділ экономикалық орта қалыптастырудың негізі. Өндіріс дамымай, ел экономикасы алға баспайды. Сондықтан жаңа өзгерістер адал бәсекеге жол ашып, еңбек адамдарының құқықтарын қорғауды күшейтеді. Әлеуметтік қолдау шаралары да нақты сектор қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыруға бағытталады. Еңбек адамы – мемлекеттің басты құндылығы, – деді Әли Бектаев кездесуде.

Кездесу барысында өндіріс саласының мамандары да өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты. Коалиция мүшелері қойылған сұрақтарға жауап беріп, конституциялық реформаның әрбір салаға тигізетін нақты тиімділіктерін түсіндірді.

#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз

Алдыңғы пост

ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫ ЖАҢА АТА ЗАҢДЫ ҚОЛДАДЫ

Келесі жаңалық

В Туркестане открыт уникальный мурал в поддержку конституционной реформы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
« Фев    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі