Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталады

12 марта, 2026
in Экономика, Қазақстан
0
Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталады
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда 13–23 наурыз аралығында ауқымды республикалық «Nauryz Sale» акциясы басталады. Бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы ынталандыруға және ел тұрғындары мен қонақтары үшін бірыңғай мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған.

Акция кезеңінде сауда субъектілері халыққа азық-түлік және азық-түлік емес тауар топтарына 10–70 пайыз аралығында мерекелік жеңілдіктер ұсынады. Акциялық тауарлар сауда залдарында арнайы мерекелік навигация және «Nauryz» фирмалық безендіруі арқылы белгіленеді. Атап айтқанда, тақырыптық баға белгілері, брендтелген көрсеткіштер, баннерлер және басқа да POS-материалдар орналастырылып, сатып алушыларға ассортиментте оңай бағдарланып, жеңілдікпен ұсынылған тауарларды жылдам табуға мүмкіндік береді.

Акцияға ішкі сауда саласының шамамен 300 субъектісі қатысады. Олардың қатарында 140 сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығы, 140 сауда желісі және 20 электрондық сауда субъектісі бар. Қатысушылар қатарында елдің ірі сауда желілері — Magnum, Small, Galmart, «Анвар», «Дина», Toimart, «Астыкжан», «Аян», Greenwich және басқалары, сондай-ақ Mega Silk Way, Keruen, Keruen City, «Аружан», «Сарыарка», Shymkent Plaza сияқты ірі сауда үйлері мен сауда-ойын-сауық орталықтары бар.

Акция аясында отандық өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударылады. Сауда орталықтарында қазақстандық өндірушілердің өнімдері ұсынылатын арнайы сату аймақтары ұйымдастырылып, онда тауарлар нарықтағы бағадан орта есеппен 10–20 пайызға төмен бағамен сатылатын болады.

Сауда орталықтарына келушілер үшін мазмұнды интерактивті бағдарлама да қарастырылған. Елдің ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында ұлттық нақыштағы фотозоналар ұйымдастырылады.
Серіктестік аясында Қазақстан бойынша 11 сауда нүктесі бар «Тарбие» ұлттық киім дүкені ұлттық нақыштағы киімдерді ұсынады. Келушілер оларды киіп көріп, естелікке суретке түсе алады. Мұндай аймақтарды еліміздің ірі сауда орталықтарында орналастыру жоспарланған. Атап айтқанда, Ақтаудағы SAYA Mall, Петропавлдағы Dostyk Mall, Ақтөбедегі KeruenCity, Астанадағы Keruen City Astana, Атыраудағы Infinity Mall, Түркістандағы Turan Mall, Алматыдағы Dostyk Plaza және Шымкенттегі Shymkent City Mall сауда орталықтарында ұйымдастыру көзделіп отыр.

Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанның сауда субъектілері арасында «Sauda in Digital Nauryz» республикалық конкурсының өткізілетінін жариялаған болатын. Конкурс 2026 жылғы 13–20 наурыз аралығында өтеді және сауда нысандарын мерекелік безендіруде заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ инновациялық сервистерді дамытуға бағытталған.

Қатысушылар өз жобаларын төрт номинация бойынша ұсына алады: «Үздік цифрлық безендіру», «Үздік цифрлық құттықтау», «Жасанды интеллектті үздік пайдалану» және «Ең креативті Digital-жоба». Қатысу үшін Instagram әлеуметтік желісінде #saudadigitalnauryz хештегімен бейнеролик жариялап, Сауда және интеграция министрлігінің ресми парақшасын белгілеу қажет.

Жеңімпаздарды креатив, жасанды интеллект технологияларын қолдану, ұлттық бірегейлік, аудиторияның белсенділігі және жобаның орындалу сапасы критерийлері бойынша сараптамалық комиссия анықтайды. Конкурс қорытындысы 2026 жылғы 20 наурызда шығарылып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Ескерту: республикалық акцияға бастаманы қолдап, әлеуметтік жауапкершілік танытқан сауда субъектілері қатысады. Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша акцияға қатысушылардың тізімі қоса беріледі.

Tags: Nauryz Sale
Алдыңғы пост

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАҒИДАТТАРЫ

Келесі жаңалық

Ел болашағы – жастардың қолында: Шымкентте жаңа Конституцияның негізгі ережелері түсіндірілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
« Фев    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі