Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қазақстан

Ел болашағы – жастардың қолында: Шымкентте жаңа Конституцияның негізгі ережелері түсіндірілді

12 марта, 2026
in Қазақстан, Қоғам
0
Ел болашағы – жастардың қолында: Шымкентте жаңа Конституцияның негізгі ережелері түсіндірілді
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында алдағы жаңа Конституцияны тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осындай түсіндіру кездесулерінің бірі М. Өтебаев атындағы Жаңа технологиялар жоғары колледжінде өтіп, онда студенттер мен оқытушыларға жаңа Конституцияның негізгі ережелері кеңінен таныстырылды.
Кездесуде Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының заңгер-кеңесшісі Ердәулет Тастанбек сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында жаңа Конституция қазақстандықтардың ортақ еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті. Бұған дейінгі тәжірибеден айырмашылығы – бұл жолы құжатты дайындауға 130 сарапшы мен қоғам қайраткерінен тұратын арнайы комиссия қатысып, азаматтардан түскен екі мыңнан астам ұсыныс жан-жақты қарастырылған. Осындай кездесулердің басты мақсаты – тұрғындарға конституциялық өзгерістердің мәнін түсіндіру және референдумға саналы түрде қатысуына мүмкіндік жасау.
Кездесу барысында жаңа Конституцияда қарастырылған мемлекеттік басқару жүйесіндегі негізгі өзгерістер туралы кеңінен айтылды. Соның ішінде маңызды бағыттардың бірі – тарихи атауы Құрылтай деп аталатын бір палаталы Парламент құру. Оның құрамында 145 депутат болуы жоспарланып отыр. Жаңа құрылым заң қабылдау мерзімін екі есеге қысқартып, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.


Сонымен қатар Вице-президент институтын енгізу көзделуде. Бұл лауазым иесі елдің халықаралық және ішкі саяси алаңдарында мүдделерін білдіріп, мәдени және әлеуметтік-саяси мәселелерге жетекшілік етеді. Тағы бір маңызды жаңашылдық – заң шығару бастамасы құқығына ие Қазақстан халқы кеңесінің құрылуы.
Құжатта қоғамның рухани құндылықтарын қорғау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінген. Атап айтқанда, жаңа Конституцияда неке ер мен әйелдің тең құқықты одағы ретінде нақты белгіленіп, бұл отбасы институтын нығайтуға және әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған.
Кездесу барысында колледж студенттері жаңа негізгі заңның жастардың құқықтық қорғалуына қалай әсер ететіні жөнінде белсенді сұрақтар қойды. Іс-шара соңында спикер 15 наурызға жоспарланған жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум ел дамуы үшін маңызды тарихи кезең болатынын атап өтті.
М. Өтебаев атындағы Жаңа технологиялар жоғары колледжінде өткен кездесу жастардың ел өміріндегі маңызды өзгерістерге белсенді қатысуға дайын екенін және мемлекет дамуына үлес қосуға ынталы екенін көрсетті.

Tags: Жаңа конституцияКонституциялық реформареферендум - 2026
Алдыңғы пост

Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталады

Келесі жаңалық

Шымкентте стенд атудан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
« Фев    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі