Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Таным

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА БІР МЕЗЕТТЕ 2500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСҚАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «AL-FARABI» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

13 апреля, 2026
in Таным, Қазақстан, Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА БІР МЕЗЕТТЕ 2500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСҚАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «AL-FARABI» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен республикалық «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының салтанатты ашылуы мен іріктеу кезеңі өтті.

Ашық аспан астындағы ауқымды білімділер сайысына еліміздің 7 өңірінен және Түркістан облысының барлық аудан-қалаларынан жиналған 500-ге жуық команда, 2500-ге жуық жас қатысты.

Салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен қала әкімі Жандос Тасов аталмыш жобаның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Олар мұндай ауқымды интеллектуалды алаңдардың жастардың жан-жақты дамуына, ел болашағының зияткер буынын қалыптастыруға зор үлес қосатынын атап өтті.

Аталған сайыстың мақсаты – дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылықтарын арттыру арқылы білім деңгейін көтеру, сондай-ақ елімізде интеллектуалды ортаны қалыптастыру.

Іріктеу кезеңінде командалар арасынан үздіктер анықталып, марапатталды. Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған 45 команда келесі кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздар енді Түркістан қаласында өтетін 1/8 финалдық кезеңде бақ сынайды. Жалпы жүлде қоры – 3 миллинон теңге. «AL-FARABI» интеллектуалды ойыны биыл 8-рет ұйымдастырылып отыр. Білімділер бәйгесі – білім мен бәсекені ұштастырған, жастардың ой-өрісін кеңейтіп, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін бірегей алаң.

Айта кетсек, бұл жоба ауқымы бойынша рекордтық көрсеткішке ие болып, қатысушылар санының көптігіне байланысты халықаралық деңгейде, атап айтқанда, Гиннестің рекордтар кітабына енгізуге ұсынылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: «AL-FARABI» интеллектуалды ойыныТүркістан облысы
Алдыңғы пост

ШЫМКЕНТТЕ «AUYL INVEST FEST – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі