Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан облысының шағын өндірістік парк моделі – еліміздің индустриялық дамуына жол ашқан тиімді тәжірибе

8 апреля, 2026
in Uncategorized
0
Түркістан облысының шағын өндірістік парк моделі – еліміздің индустриялық дамуына жол ашқан тиімді тәжірибе
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында шағын өндірістік парктерді дамыту тәжірибесі соңғы жылдары өңірдің экономикалық құрылымын түбегейлі жаңғыртуға бағытталған маңызды бастамалардың біріне айналып, кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа моделін қалыптастырып отыр, бұл бағытта мемлекет тарапынан инженерлік инфрақұрылымы толық дайын өндірістік алаңдар құру арқылы шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасалып, инвесторлар үшін кедергілер азайтылып, өндірісті жедел іске қосуға мүмкіндік берілуде, аталған тәжірибені еліміздің өзге өңірлеріне кеңінен енгізу мақсатында ҚР Премьер–министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың тапсырмасына сәйкес Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің өкілдері мен барлық облыстардан келген шамамен 40-қа жуық делегация Түркістан облысына арнайы іссапармен келіп, өңірде қалыптасқан индустриялық инфрақұрылым жүйесімен және нақты өндірістік жобалардың іске асу барысымен жан-жақты танысты, сапар барысында делегация мүшелері Сауран ауданы аумағында орналасқан «SAURAN» өндірістік паркінде болып, мұнда кәсіпкерлерге ұсынылған дайын өндірістік ғимараттар мен толық жүргізілген инженерлік желілердің өндірісті бастау мерзімін қысқартып, инвестициялық жобалардың тиімділігін арттырып отырғанын атап өтті, сондай-ақ аталған өндірістік аймақта жаңбырлатып суару жүйелерін шығаратын BNK Group, жиһаз өндірісімен айналысатын Aqniet Holding және өндірістік тоңазытқыштар шығаратын UBC Group сияқты кәсіпорындардың қызметі таныстырылып, олардың өндірістік қуаты, технологиялық деңгейі және нарыққа бағытталған өнімдері өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін айқындайтыны айтылды, сонымен бірге делегация Сауран ауданындағы «Иассы», «Ескі Иқан», «Дәморда» және «Қарашық» шағын өндірістік парктерінің құрылыс барысын көріп, бұл жобалардың ауылдық жерлерде жаңа өндіріс орындарын ашуға, жергілікті халықты тұрақты жұмыспен қамтуға және шағын бизнестің дамуын жеделдетуге ықпал ететінін атап өтті, қазіргі таңда Түркістан облысы аумағында жалпы 214 гектарды қамтитын 25 шағын өндірістік алаң құрылып, олардың ішінде 258 өндірістік ғимараттың құрылысы жүргізіліп жатыр және 251 инвестициялық жоба бойынша келісімдер жасалып, жалпы инвестиция көлемі 192 млрд теңгені құрап отыр, бұл жобалар толық іске қосылған жағдайда 5 218 жаңа жұмыс орны ашылып, жылына шамамен 96 млрд теңгенің импортты алмастыратын өнімдері өндіріліп, өңірдің өндірістік әлеуеті артып, экономикалық өсімге және ұлттық деңгейдегі өндірістік базаның нығаюына елеулі үлес қосады.

Алдыңғы пост

Түркістан облысында жәрдемақыға тәуелділіктен арылу жұмыстары жүргізіледі

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КЕШЕНДІ ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі