Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА «ОТЫРАРДАН БАСТАУ АЛҒАН ОТТЫ ЖЫР» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

14 апреля, 2026
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАНДА «ОТЫРАРДАН БАСТАУ АЛҒАН ОТТЫ ЖЫР» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында ұлттық руханиятты ұлықтап, қазақтың төл өнері – айтысты кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды мәдени шаралардың бірі – «Отырардан бастау алған отты жыр» атты республикалық ақындар айтысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған жыр додасы Түркістан облысы әкімдігі мен «AMANAT» партиясының қолдауымен, Отырар ауданы әкімдігінің бастамасымен өткізілді.

Бұл айтулы мәдени іс-шара қазақтың көрнекті айтыскер ақыны, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері және «Алтын домбыра» жеңімпазы Бекарыс Шойбековтің 50 жылдық мерейтойына арналды. Айтыс – тек өнер сайысы ғана емес, ұлттық рухты көтеретін, сөз құдіретін дәріптейтін рухани мереке ретінде көрініс тапты.

Іс-шара басталмас бұрын Отырардағы Мәдениет сарайы алдында мерейтой иесіне қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша арғымақ ат мінгізіліп, иығына зерлі шапан жабылды. Бұл – ел ішіндегі ақынға деген құрметтің, сөз өнеріне деген ілтипаттың айқын белгісі болды. Сондай-ақ Отырар ауданының Құрметті азаматы Мырзахмет Темірбеков ақ батасын беріп, игі тілегін жеткізді.

Айтыс басталар алдында қонақтар арнайы көрмені тамашалады. Көрмеде Бекарыс Шойбековтің шығармашылығына арналған экспозициямен қатар, суретші Әділхан Мәліктің туындылары да көпшілік назарына ұсынылды. Бұл көрме өнер мен руханияттың сабақтастығын айқын көрсеткен ерекше мәдени кеңістікке айналды.

Ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы және аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов сөз сөйлеп, мерейтой иесіне және айтысқа қатысушы ақындарға құрмет көрсетті. Олар айтыс өнерінің ұлттық мәдениетті сақтаудағы маңызын атап өтіп, Отырардың тарихи-рухани орталық ретіндегі рөлін ерекше бағалады.

Аламан айтысқа елімізге танымал бірқатар ақындар қатысты. Олардың қатарында Нұрмат Мансұров, Серік Қуанған, Қалижан Білдәш, Қажымұқан Абзалов, Біржан Байтуов, Аспанбек Шұғатай, Шалқарбай Ізбасаров, Дидар Қами, Нұрмахан Жақыпбек және жерлес ақын Дәурен Ақсақалов бар. Бұл ақындар өзара суырыпсалмалық өнердің үздік үлгілерін көрсетіп, көрерменге рухани әсері мол жыр сайысын тарту етті.

Айтыстың мазмұны тек сөз жарысымен шектелмей, елдік, бірлік, тарих, руханият, туған жер тақырыптарын қамтып, терең әлеуметтік және мәдени ойларға құрылған шығармашылық бәсеке ретінде өтті. Көрермен қауым әр ақынның тапқырлығына, шешендігіне және ой тереңдігіне жоғары баға берді.

Жыр додасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық айтыс және жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман бастаған қазылар алқасы бағалады. Ал айтыстың жүргізушісі, белгілі айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай кештің мазмұнын тереңдетіп, көрермен мен ақындар арасындағы байланысты шеберлікпен үйлестірді.

Айтыс қорытындысы бойынша бас жүлде Аспанбек Шұғатайға бұйырды. І орын Қалижан Білдәшке берілсе, ІІ орынды Шалқарбай Ізбасаров пен Дидар Қами иеленді. ІІІ орын Серік Қуанған мен Дәурен Ақсақаловқа табысталды.

Сонымен қатар, арнайы номинациялар бойынша да жеңімпаздар марапатталды. «Мырзабек Байжанов» атындағы арнайы жүлде Нұрмахан Жақыпбекке, «Таушен Абуова» атындағы жүлде Нұрмат Мансұровқа, «Әселхан Қалыбекова» атындағы жүлде Біржан Байтуовқа, ал «Қаныбек Сарыбаев» атындағы жүлде Қажымұқан Абзаловқа табысталды.

«Отырардан бастау алған отты жыр» айтысы ұлттық өнердің жаңғыруына серпін беріп, жас буынды сөз өнеріне баулитын, рухани сабақтастықты жалғайтын маңызды мәдени оқиға ретінде бағаланды.

Алдыңғы пост

ТӨЛЕБИЛІК «TOLEBI DARYN» КОМАНДАСЫ АҚШ-ТАҒЫ ӘЛЕМДІК РОБОТОТЕХНИКА ЖАРЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАН НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР «М-39» АВТОЖОЛЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі