Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТӨЛЕБИЛІК «TOLEBI DARYN» КОМАНДАСЫ АҚШ-ТАҒЫ ӘЛЕМДІК РОБОТОТЕХНИКА ЖАРЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАН НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

14 апреля, 2026
in Uncategorized
0
ТӨЛЕБИЛІК «TOLEBI DARYN» КОМАНДАСЫ АҚШ-ТАҒЫ ӘЛЕМДІК РОБОТОТЕХНИКА ЖАРЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАН НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында білім мен инновацияны ұштастырған дарынды жастардың жетістіктері халықаралық деңгейде танылып келеді. Соның айқын дәлелі ретінде Төлеби ауданындағы мамандандырылған мектеп-интернатының «TOLEBI DARYN» робототехника командасы АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін беделді «FIRST Championship» әлемдік жарысына жолдама жеңіп алды.

Осыған орай, аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов халықаралық додаға қатысқалы отырған оқушылармен арнайы кездесіп, олардың жетістіктерін жоғары бағалады. Кездесу барысында аудан басшысы жас өнертапқыштардың еңбегі, ізденісі және технологиялық бағыттағы табыстары аудан ғана емес, бүкіл еліміз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті.

– Сіздердің жетістіктеріңіз – білімге деген құштарлықтың, табандылық пен еңбекқорлықтың нәтижесі. АҚШ-та өтетін әлемдік деңгейдегі додада ел намысын абыроймен қорғайсыздар деп сенеміз. Бұл – үлкен жауапкершілік әрі үлкен мүмкіндік. Баршаңызға сәттілік тілеймін, – деді аудан әкімі.

Кездесу барысында Еркеғали Әлімқұлов дарынды оқушыларға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің «Алғыс хатын» табыстап, жас буынға көрсетілген қолдаудың ерекше мәнге ие екенін жеткізді. Сонымен қатар ол білімді ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосқан ұстаздар мен ата-аналарға да ризашылығын білдірді.

«TOLEBI DARYN» командасы соңғы жылдары робототехника мен инженерлік инновациялар саласында айтарлықтай жетістіктерге жетіп, еліміздегі үздік жас техникалық ұжымдардың бірі ретінде танылып отыр. Команда «CENTRAL ASIA FIRST Championship 2026» жарысында жоғары нәтижелер көрсетіп, екі бірдей ірі марапат иеленген.

Аталған байқаудағы табысты өнерінің нәтижесінде «TOLEBI DARYN» командасы абсолютті чемпион атанып, 2026 жылғы 29 сәуір – 2 мамыр аралығында АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін әлемдік «FIRST Championship» жарысына Қазақстан атынан қатысу құқығына ие болды.

Команданың жетекшілері мен ұстаздарының айтуынша, оқушылар бұл жетістікке ұзақ әрі жүйелі дайындықтың арқасында қол жеткізген. Жобалау, бағдарламалау, инженерлік шешімдер әзірлеу және робот құрастыру бағыттарында терең білім мен тәжірибе жинақтаған оқушылар халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеп отыр.

Аудандық білім беру саласының өкілдері бұл жетістікті Төлеби өңіріндегі техникалық білім берудің жаңа деңгейге көтерілгенінің айқын көрінісі ретінде бағалап отыр. Робототехника саласына қызығушылық танытқан жастар санының артуы да өңірде инновациялық білім берудің дамып келе жатқанын көрсетеді.

Алдағы әлемдік жарыста «TOLEBI DARYN» командасы тек ауданның емес, тұтас Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Жас өнертапқыштарға артылған үміт жоғары, ал олардың халықаралық аренадағы өнері елдің техникалық білім саласындағы әлеуетін танытатын маңызды көрсеткіш болмақ.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ ТАЛАНТТЫ ЖАС ТЕННИСШІ ЗАҢҒАР НҰРЛАНҰЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА «ОТЫРАРДАН БАСТАУ АЛҒАН ОТТЫ ЖЫР» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі