Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

СОЗАҚТА ЖАҢАРТЫЛҒАН ТАРИХ ДӘРІСХАНАСЫ АШЫЛЫП, АРДАГЕР ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

14 апреля, 2026
in Uncategorized
0
СОЗАҚТА ЖАҢАРТЫЛҒАН ТАРИХ ДӘРІСХАНАСЫ АШЫЛЫП, АРДАГЕР ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Созақ ауданында білім беру саласын дамыту және өскелең ұрпаққа сапалы білім беру жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта А. Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектепте жаңартылған тарих дәрісханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Аталған оқу кабинеті – ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен, саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған ардагер мұғалім Тұрысбекова Манат Қияқбайқызының есімін ұлықтауға арналған. Жаңа дәрісхана заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқушылардың сапалы білім алуына толық жағдай жасалған. Оқу кеңістігін жаңғырту демеуші Мұхтар Тұрысбековтің қолдауымен жүзеге асырылды.

Салтанатты іс-шараға Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков қатысып, ұстаздар қауымына және қатысушыларға ізгі тілегін білдірді. Ол өз сөзінде білім беру сапасын арттыру – аудан дамуының негізгі басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, бұл бағытта атқарылып жатқан кешенді жұмыстарға тоқталды.

Жаңа дәрісхананың ашылуы тек материалдық база жаңартумен шектелмей, рухани-танымдық маңызы бар игі бастама ретінде бағаланды. Шара барысында ардагер ұстаздың туыстары, әріптестері және замандастары сөз сөйлеп, Манат Қияқбайқызының білім беру саласындағы еңбегін ерекше ілтипатпен еске алды. Олар ұстаздың шәкірт тәрбиелеудегі табандылығы мен адамгершілік қасиеттерін атап өтіп, оның педагогикалық мұрасының маңыздылығына тоқталды.

Салтанатты жиында сондай-ақ Түркістан облысының Құрметті азаматы, «Парасат» орденінің иегері Сексенбай Тұрысбеков сөз алып, игі бастамаға батасын беріп, ұстаздың есімін ұлықтау – кейінгі ұрпаққа үлгі екенін айтты. Сонымен қатар, ардагер ұстаздың ұл-қыздары да анасының өмір жолы мен өнегелі тәрбиесі туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісті.

Айта кету керек, Тұрысбекова Манат Қияқбайқызы 1956 жылы Түркістан облысы, Созақ ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Ол 1990 жылдан бастап А. Байтұрсынов атындағы мектепте тарих пәнінен сабақ беріп, талай шәкірттің білім жолына бағыт берді. Ұзақ жылдық еңбегі нәтижесінде аудандық және облыстық деңгейде жоғары бағаланып, бірнеше мәрте марапаттарға ие болған.

Тәжірибелі ұстаз «Жыл мұғалімі – 93» байқауында ІІ орын иеленіп, білім саласындағы кәсіби шеберлігін дәлелдеген. Сонымен қатар, «Ауданның экологиялық ахуалы» тақырыбындағы ғылыми жобасы облыстық деңгейде жүлделі орын алып, кең көлемде қолдау тапқан. Ол Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері.

Жаңартылған тарих дәрісханасының ашылуы – бір жағынан білім беру инфрақұрылымын жетілдіру болса, екінші жағынан ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан ардагер ұстаздың еңбегіне көрсетілген құрметтің айқын көрінісі. Бұл бастама жас ұрпақты отансүйгіштікке, тарихты терең тануға және ұстаз еңбегін бағалауға тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР «М-39» АВТОЖОЛЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі жаңалық

СОЗАҚТА ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАРДЫ ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі