Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

СОЗАҚТА ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАРДЫ ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

14 апреля, 2026
in Uncategorized
0
СОЗАҚТА ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАРДЫ ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Созақ ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу, оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау көрсету мәселелеріне арналған маңызды жиын өтті. Басқосу аудандық прокуратураның бастамасымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында ұйымдастырылып, салааралық өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталды.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов, аудан прокурорының міндетін атқарушы Асылбек Туршеков, аудандық полиция бөлімінің пробация қызметі өкілдері, тиісті бөлім басшылары, ауылдық округтер мен кент әкімдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – пробация есебіндегі азаматтардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау және қайта қылмыс жасау қаупінің алдын алу.

Жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары Серік Сахиұлы бұл бағыттағы жұмыстардың әлеуметтік маңызы зор екенін атап өтіп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың тиімді жүзеге асырылуы қажет екенін жеткізді. Оның айтуынша, пробация жүйесінің басты міндеті – жазаны өтеушілерді тек бақылау емес, оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қайта қалыптастыру.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық прокуратураның өкілі Руслан Айдарбеков пен аудандық полиция бөлімінің пробация бөлімшесінің басшысы Ақерке Кәдірбекова баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар мен кездесіп отырған өзекті мәселелерге тоқталды. Баяндамалар барысында пробация есебіндегі азаматтарды жұмыспен қамту, әлеуметтік жағдайын жақсарту және құқықтық түсіндіру жұмыстарының нәтижелері айтылды.

Аудан прокурорының міндетін атқарушы Асылбек Сламбекұлы пробация жүйесінің қоғам үшін маңызын ерекше атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүргізілуі қайта құқық бұзушылықтың алдын алуда шешуші рөл атқаратынын жеткізді. Оның айтуынша, пробация есебіндегі азаматтарға тек бақылау жүргізу емес, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу – басты міндеттердің бірі.

Жиын барысында пробация есебіндегі азаматтар мен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғалардың қайта қылмысқа бармауы үшін нақты алдын алу шаралары талқыланды. Олардың ішінде тұрақты жұмысқа орналастыру, кәсіптік оқытуға тарту, әлеуметтік қолдау көрсету және психологиялық бейімдеу жұмыстарын күшейту мәселелері қаралды.

Сонымен қатар қатысушылар салааралық мекемелердің өзара іс-қимылын арттыру қажеттігін атап өтті. Ауылдық округ әкімдіктері, пробация қызметі, жұмыспен қамту орталықтары және құқық қорғау органдары арасындағы байланыс нығайтылып, әрбір азаматпен жеке жұмыс жүргізу тетіктері ұсынылды.

Жиын қорытындысында пробация есебіндегі азаматтарды қоғамға бейімдеу жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған нақты міндеттер айқындалды. Атап айтқанда, әрбір азаматтың әлеуметтік жағдайын жеке зерделеу, оларды тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал ету және қайта қылмысқа жол бермеу бойынша кешенді шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.

Мұндай кездесулер қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

Алдыңғы пост

СОЗАҚТА ЖАҢАРТЫЛҒАН ТАРИХ ДӘРІСХАНАСЫ АШЫЛЫП, АРДАГЕР ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖӘНЕ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі