Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫС БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ ДАМЫП, ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ҚАДАМ БАСТЫ

17 апреля, 2026
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫС БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ ДАМЫП, ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ҚАДАМ БАСТЫ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026 жылды тұрақты даму мақсаттарына арналған Халықаралық волонтерлер жылы (IVY 2026) деп жариялады. Бұл шешім бүкіл әлемде еріктілер қозғалысының беделін арттыруға, азаматтық белсенділікті күшейтуге және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі қоғамның үлесін кеңейтуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда. Осыған орай Түркістан облысында да волонтерлік қозғалысты дамыту, жүйелеу және жаңа деңгейге көтеру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Осы мақсатта Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев республикалық волонтерлер фронт-офисі өкілдерімен арнайы кездесу өткізіп, өңірдегі жастар саясаты мен волонтерлік бағыттың қазіргі жағдайын талқылады. Кездесу барысында волонтерлік қозғалыстың дамуы, оның қоғамдағы рөлі, мемлекеттік жастар саясаты аясындағы жүзеге асырылып жатқан жобалар және алдағы жоспарлар кеңінен сөз болды.

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы өңірде еріктілер қозғалысының тұрақты түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, Түркістан облысы – еліміздегі ең жас өңірлердің бірі, мұнда 600 мыңнан астам жас буын шоғырланған. Бұл – еріктілік мәдениетін дамытуға үлкен мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік ресурс.

Соңғы жылдары өңірде волонтерлер қатары айтарлықтай артқан. Мәселен, 2020 жылы облыстағы еріктілер саны 8 мыңға жуық болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 24 мыңнан асқан. Жастар түрлі әлеуметтік, экологиялық, қайырымдылық және төтенше жағдайлар кезіндегі көмек шараларына белсенді қатысып келеді. Әсіресе табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде Түркістан жастарының жедел әрекет етуі қоғам тарапынан жоғары бағалануда.

Кездесу барысында 2026 жылы жүзеге асырылатын бірқатар республикалық жобалар да таныстырылды. Атап айтқанда, «ZHAS CAMP» республикалық лагері, «Asyl mura» әлеуметтік волонтерлік жобалар байқауы, «Jas saq» этно-реалити шоуы, «Ясауи әлемі» квест жобасы және «Білімді жастар – ел ертеңі» атты жас көшбасшылар бағдарламасы қолға алынбақ. Бұл бастамалар жастардың белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың көшбасшылық қабілетін дамытуға, азаматтық жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.

Республикалық «Ұлттық волонтерлік желі» фронт-офисінің жетекшісі Айбек Досымбетов өз сөзінде волонтерлік қозғалыстың елімізде соңғы жылдары жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта волонтерлік саланы жүйелі дамытуға арналған 2030 жылға дейінгі стратегиялық құжат әзірленіп жатыр. Бұл құжат еріктілер қызметін халықаралық стандарттарға сай дамытуға, әр саланы қамтитын нақты механизмдерді енгізуге бағытталмақ.

Сонымен қатар ол экологиялық, әлеуметтік, білім беру және мәдени бағыттарда волонтерлерді арнайы оқыту, іріктеу және тұрақты жүйеге тарту тетіктері енгізіліп жатқанын айтты. Бұл еріктілердің кәсіби деңгейін арттырып, олардың тиімділігін күшейтеді.

Айта кетейік, Түркістан облысында бүгінде 149 волонтерлік ұйым тіркелген. Белсенді еріктілер саны 24 298 адамға жетіп отыр. Өңірде жастар ресурстық орталықтары мен Ұлттық волонтерлік желінің фронт-офистері арқылы жалпы 36 құрылым жүйелі түрде жұмыс істеуде. Өткен жылы мемлекеттік жастар саясаты аясында 7 225 іс-шара өткізіліп, 625 мыңнан астам жас қамтылған. Ал биыл жыл басынан бері 1 991 іс-шара ұйымдастырылып, 193 559 жас түрлі жобаларға тартылды.

Жалпы алғанда, соңғы алты жыл ішінде Қазақстандағы волонтерлік қозғалыс қарқынды дамып, сапалық және сандық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілді. 2020 жылы 50 мың шамасында болған еріктілер саны бүгінде 300 мың адамға жетіп отыр. Сонымен қатар қоғамдық пайдалы бастамалармен айналысатын ұйымдар саны да айтарлықтай өсіп, 800-ден асқан.

Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан бұл жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, волонтерлік қозғалысты одан әрі дамытуға, жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті күшейтуге бағытталмақ.

Алдыңғы пост

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «СК-ФАРМАЦИЯ» ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ: ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ БАРИТ ӨНДІРУ ФАКТІЛЕРІ АНЫҚТАЛЫП, ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі