Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

AMANAT: «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27 апреля, 2026
in Uncategorized
0
AMANAT: «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру барысына арналған жиын өтті. Басқосуға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов төрағалық етті.
Жиынға Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева, Қаржы басқармасы басшысының орынбасары Әлия Мейірова, «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы сарапшысы Ақбота Тұрарова, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Дәурен Тұрғынбай, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Шымкент қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының бас маманы Ануар Шотаев, сондай-ақ аудан әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары мен аудандық партия филиалдарының атқарушы хатшылары қатысты.
Жиын барысында «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асырудың өзекті мәселелері, алдағы міндеттер мен нақты көрсеткіштер талқыланды. Аталған жоба – «AMANAT» партиясының халық арасында кеңінен сұранысқа ие әлеуметтік бастамаларының бірі. Оның негізгі мақсаты – азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қарыз жүктемесін азайту және қаржылық қиындықтарға тап болған тұрғындарға құқықтық әрі кеңес беру көмегін көрсету.


Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясына Үкіметпен бірлесіп «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейтуді тапсырған болатын. Осыған сәйкес, қазіргі таңда Үкімет пен партия арасында арнайы Жол картасы бекітіліп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Жоба өткен жылы Шымкент қаласында сәтті жүзеге асырылып, жоспарланған көрсеткіштер толық орындалды. Атап айтқанда, 2024 жылы 11 мың адамды қамту көзделсе, нақтысында 12 593 қала тұрғыны қаржылық сауаттылық бойынша оқытылды. Ал 2025 жылы 22 200 адамды қамту жоспарланып, нәтижесінде 34 814 азаматқа кеңес беріліп, бұл көрсеткіш 156,8 пайызды құрады. Биылғы жылға 18 900 адамның қаржылық сауаттылығын арттыру және заң аясында көмек көрсету жоспарланып отыр.
Жиын қорытындысы бойынша қойылған міндеттерді тиімді іске асыру мақсатында арнайы жұмысшы топ құру туралы шешім қабылданды. Осыған орай, Ербол Байқонысов әр аудан әкімдігіне жұмысшы топ құрамына бір қызметкерден бөліп, оларды қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз ете отырып, жыл соңына дейін қалалық партия филиалына іссапарға жіберу жөнінде нақты тапсырма жүктеді.
Жалпы, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар тұрғындардың қаржылық тұрақтылығын арттыруға, олардың құқықтық сауаттылығын күшейтуге және әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды бастама ретінде жалғасын табатын болады.
#AMANAT

Алдыңғы пост

AMANAT: ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі