Бүгінгі қоғамда құқықтық сауатты, қаржыны дұрыс басқаратын әрі жауапкершілігі жоғары азамат тәрбиелеу – стратегиялық маңызды міндеттердің бірі. Қаржылық және құқықтық білімнің жетіспеушілігі – азаматтардың әлеуметтік-экономикалық осалдығының негізгі себептерінің бірі.
Осыған байланысты Келес ауданында тұрғындарға арналған қаржылық сауаттылық пен құқықтық қолдауға бағытталған семинар-тренинг өтті.
Бұл іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы «Заң үстемдігі қамтамасыз етілмесе, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмейді, ал онсыз әлеуметтік-экономикалық даму да мүмкін емес» деген тұжырымды басшылыққа ала отырып өткізілді.


Іс-шараға арнайы шақырылған мамандар – «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша үйлестірушісі, заңгер Жандос Әзімбай, ”Бәйтерек” жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінң төрағасы, заңгер-кеңесші Ролан Қонысбеков, Phd doctor, доцент психолог Салтанат Асанова тұрғындарға тәжірибеге негізделген пайдалы ақпарат ұсынып, практикалық кеңес берді. Онда азаматтарға қаржылық кеңестер беруді есеп-шоттарын бұғаттан босату үшін не істеу керек, шешудің қандай жолдары бар екендігі туралы кеңес берілді.
«Қаржылық сауаттылық пен құқықтық білім – әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен әл-ауқатының кепілі. Біз азаматтарға күнделікті өмірде жиі кездесетін қаржылық және құқықтық мәселелерді шешуге көмектесуге дайынбыз», -деді Жандос Әзімбай.
Кездесуге қатысушылар өздерін мазалаған
сұрақтарын қойып, алаяқтық әрекеттерден қалай сақтану, несие алуда неге назар аудару керек, құқықтық көмекке қалай жүгіну керек сынды өзекті мәселелер бойынша тегін кәсіби кеңес алды.
#қаржылық_сауаттылық #қаржы #афм #түркістан_облысы #бәйтерек
