Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

4 мая, 2026
in Экономика, Қазақстан, Қоғам
0
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Заң үстемдігі орнықпаса, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмейді. Ал бұл – әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі шарты», – деп атап өткен болатын. Бұл тұжырым бүгінгі қоғам үшін айрықша маңызға ие. Өйткені құқықтық мемлекет құру жолында табысқа жетудің басты алғышарты – азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығы.

Осы бағытта Түркістан облысы, Шардара ауданында тұрғындардың құқықтық және қаржылық мәдениетін арттыруға арналған мазмұнды семинар-кездесу өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға күнделікті өмірде жиі кездесетін қаржылық мәселелер, алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары, несие шарттарының ерекшеліктері, сондай-ақ өз құқықтарын тиімді қорғау тетіктері жөнінде кеңінен түсіндірілді. Кездесуге арнайы шақырылған сарапшылар қатарында «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша үйлестірушісі, заңгер Жандос Әзімбай, «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заңгер-кеңесші Ролан Қонысбеков, PhD доктор, доцент, психолог Салтанат Асанова болды. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға нақты әрі қолданбалы кеңестер ұсынды. – Құқықтық және қаржылық сауаттылық – әр азаматтың жеке қауіпсіздігінің негізі. Әр адам өз құқығын біліп қана қоймай, оны заң аясында қорғай алуы қажет. Біздің мақсат – халыққа бағыт-бағдар беріп, құқықтық қолдау көрсету, – деп Жандос Әзімбай. Ал психолог Салтанат Асанова қаржылық сауатсыздықтың салдарына тоқталып: – Қаржылық сауаттың төмендігі тек материалдық қиындықтарға ғана емес, сонымен қатар күйзеліс, отбасылық түсініспеушіліктер және тіпті лудомания сияқты әлеуметтік-психологиялық мәселелерге алып келуі мүмкін. Сондықтан әр адам қаржылық тәртіп пен эмоционалдық тепе-теңдікті сақтауды үйренуі тиіс, – деді. Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білікті мамандардан нақты жауаптар алды. Қатысушылар мұндай ашық әрі пайдалы диалог алаңдарының қоғам үшін маңызын атап өтіп, алдағы уақытта да осындай кездесулердің тұрақты түрде ұйымдастырылуын қолдайтындарын жеткізді.

#қаржылық_сауаттылық #қаржы #афм #түркістан_облысы #бәйтерек

Алдыңғы пост

КЕЛЕСТІК ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША КӘСІБИ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Апр    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі