Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТП-32 ҰҢҒЫМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛУЫ – ӘДІЛ ШЕШІМ

5 мая, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ТП-32 ҰҢҒЫМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛУЫ – ӘДІЛ ШЕШІМ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылындағы «ТП-32» су ұңғымасына қатысты сот процесі қоғам назарын аударған маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың 4 мамырында Түркістан қаласындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта өткен тыңдауда тараптардың ұстанымдары жан-жақты қаралып, оң шешімін тапты.

Аталған іске ауыл тұрғындарының белсенді қатысуы мәселенің жергілікті халық үшін қаншалықты өзекті екенін көрсетіп отыр. Сот отырысына қатысқан азаматтар, соның ішінде қоғам белсендісі Қуат Қайыповтың тікелей эфир арқылы процесті жария түрде көрсетуі ашықтық пен жариялылықтың белгісі деп білеміз.
Сот барысында мемлекеттік органдар өкілдерінің ұңғыманы мемлекет меншігіне қайтаруды қолдауы стратегиялық маңызы бар табиғи ресурстардың халық игілігі үшін қызмет етуі тиіс екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Су – тіршілік көзі. Сондықтан мұндай нысандардың жекелеген тұлғалардың иелігінде емес, мемлекет бақылауында болуы әлеуметтік әділеттілік.

Ұңғыманың мемлекет меншігіне өтуі – ең алдымен ауыл тұрғындарының тұрақты әрі қауіпсіз ауыз суға қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, су ресурстарын тиімді басқаруға, олардың заңсыз немесе бейберекет пайдаланылуына жол бермеуге ықпал етпек.
Мұндай қадамдар мемлекет тарапынан қоғамдық мүддені қорғау бағытындағы жүйелі саясаттың көрінісі ретінде бағалануы тиіс. Әсіресе ауылдық жерлердегі инфрақұрылым нысандарын мемлекеттік бақылауға қайтару – әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды тетігі.
Жалпы алғанда, ТП-32 ұңғымасының мемлекет меншігіне қайтарылуы уақыт талабына сай, әділ әрі тиімді шешім деп есептеймін. Бұл тек бір ауылдың ғана емес, тұтас өңірдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: Жетісай базарларында қауіпсіздік пен санитарлық тазалық нормалары тексерілді

Келесі жаңалық

МАҚТААРАЛДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі