Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

МАҚТААРАЛДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

5 мая, 2026
in Uncategorized
0
МАҚТААРАЛДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі қоғамда құқықтық сауатты, қаржыны тиімді басқара алатын әрі жеке жауапкершілігі жоғары азамат қалыптастыру – стратегиялық маңызы бар міндеттердің бірі. Себебі қаржылық және құқықтық білімнің жеткіліксіздігі азаматтардың әлеуметтік-экономикалық осалдығына тікелей әсер етеді. Осыған орай, бүгін Мақтаарал ауданында тұрғындарға арналған қаржылық сауаттылық пен құқықтық қолдау көрсетуге бағытталған семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Заң үстемдігі қамтамасыз етілмесе, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмейді, ал онсыз әлеуметтік-экономикалық даму мүмкін емес» деген қағиданы негізге ала отырып өткізілді. Семинарға арнайы шақырылған тәжірибелі мамандар – «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша үйлестірушісі, заңгер Жандос Әзімбай, «Бәйтерек» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заңгер-кеңесші Ролан Қонысбеков және PhD доктор, доцент, психолог Салтанат Асанова қатысып, тұрғындарға практикалық маңызы бар кеңестер ұсынды. Кездесу барысында азаматтарға қаржылық мәселелерді басқару, банк шоттарын бұғаттан босату жолдары, қарыздық жүктемені азайту тәсілдері, сондай-ақ құқықтық көмек алу тетіктері кеңінен түсіндірілді. Әсіресе, күнделікті өмірде жиі кездесетін қаржылық қиындықтарды шешудің нақты алгоритмдері ұсынылды. «Қаржылық сауаттылық пен құқықтық білім – әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен әл-ауқатының негізгі кепілі. Біз тұрғындарға өзекті мәселелерді шешуде нақты көмек көрсетуге әрдайым дайынбыз», – деді Жандос Әзімбай. Іс-шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, алаяқтық әрекеттерден сақтану, несие рәсімдеу кезінде назар аударатын жайттар және құқықтық көмекке жүгіну жолдары бойынша тегін кәсіби кеңестер алды. Аталған семинар – тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға және қаржылық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

Алдыңғы пост

ТП-32 ҰҢҒЫМАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛУЫ – ӘДІЛ ШЕШІМ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Апр    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі