Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қазақстан

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

6 мая, 2026
in Қазақстан, Қоғам
0
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында заң үстемдігі мен азамат қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ел дамуының негізгі алғышарты екенін атап өткен болатын. Бұл қағида бүгінгі таңда ерекше маңызға ие. Өйткені құқықтық мемлекет қалыптастыру жолында азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығы шешуші факторлардың біріне айналып отыр. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар аясында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында тұрғындардың құқықтық және қаржылық мәдениетін арттыруға арналған мазмұнды семинар-кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – халықтың күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық және қаржылық мәселелер бойынша білімін арттыру, сондай-ақ алаяқтық тәуекелдерінің алдын алу.

Кездесу барысында қатысушыларға несие алу талаптары мен шарттары, қаржылық міндеттемелерді тиімді басқару, интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары, сондай-ақ азаматтардың өз құқықтарын қорғау тетіктері жан-жақты әрі түсінікті форматта жеткізілді. Практикалық мысалдар арқылы берілген ақпарат қатысушылар үшін пайдалы әрі қолданбалы сипатта болды. Семинарға арнайы шақырылған сарапшылар – «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша үйлестірушісі, заңгер Жандос Әзімбай, «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заңгер-кеңесші Ролан Қонысбеков, сондай-ақ PhD доктор, доцент, психолог Салтанат Асанова өз салалары бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, нақты ұсыныстарын ортаға салды. Жандос Әзімбай өз сөзінде құқықтық және қаржылық сауаттылықтың азамат қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңыздылығына тоқталды: – Әрбір азамат өз құқығын біліп қана қоймай, оны заң аясында қорғай алуы тиіс.

Қаржылық және құқықтық білім – жеке қауіпсіздіктің негізі. Біздің мақсатымыз – халыққа нақты бағыт-бағдар беру және құқықтық қолжетімділікті арттыру, – деді. Ал психолог Салтанат Асанова қаржылық сауатсыздықтың әлеуметтік және психологиялық салдарына назар аударды: – Қаржылық білімнің жеткіліксіздігі тек экономикалық қиындықтарға ғана емес, сонымен қатар күйзеліс, отбасылық жанжалдар және лудомания сияқты тәуелділіктерге алып келеді. Сондықтан қаржылық тәртіп пен эмоционалдық тұрақтылықты қатар дамыту – уақыт талабы, – деді ол. Іс-шара соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білікті мамандардан нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Қатысушылар мұндай ашық әрі тиімді диалог алаңдарының қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтіп, осындай кездесулердің тұрақты түрде өткізілуіне қолдау білдірді.

Tags: АФМТүркістан облысы
Алдыңғы пост

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Келесі жаңалық

В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛО ПАТРИОТИЧЕСКОЕ МЕРОПРИЯТИЕ, ПОСВЯЩЕННОЕ ДНЮ ЗАЩИТНИКА ОТЕЧЕСТВА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Апр    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі