Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

6 мая, 2026
in Uncategorized
0
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт ауданында азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру және қарыздық міндеттемелерге қатысты заңдық көмек көрсету бағытында кешенді кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылды. Қазіргі жаһандану мен цифрлық трансформация дәуірінде тұрғындардың қаржылық сауаты – елдің экономикалық тұрақтылығы мен әлеуметтік әл-ауқатының маңызды көрсеткіштерінің бірі.

Қаржылық сауат – тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның дамуына тікелей әсер ететін стратегиялық ресурс. Осы мақсатта Қазығұрт ауданында «Қаржылық сауаттылықты арттыру және борышкерлерге құқықтық қолдау көрсету» жобасы аясында ауқымды ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Шараның басты мақсаты – тұрғындарға күнделікті өмірде жиі кездесетін қаржылық қиындықтарды тиімді әрі заңды жолмен шешудің нақты тетіктерін ұсыну. Іс-шара барысында қатысушыларға жеке бюджетті жоспарлау, банк өнімдерін тиімді пайдалану, несие алу және өтеу шарттарын дұрыс түсіну, қаржылық алаяқтықтан қорғану, сондай-ақ ойынқұмарлықтың алдын алу бағытында жан-жақты ақпарат берілді.

Сонымен қатар азаматтарға есеп-шоттарды бұғаттан босату жолдары, борыштық дауларды реттеу, қаржылық жоспар құру, төлем қабілетін бағалау және несиелік жүктемені азайту бойынша практикалық кеңестер ұсынылды. Кездесуге арнайы шақырылған білікті мамандар – «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша үйлестірушісі, заңгер Жандос Әзімбай, “Бәйтерек” жастар ұйымы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заңгер-кеңесші Ролан Қонысбеков, сондай-ақ PhD доктор, доцент, психолог Салтанат Асанова өз салалары бойынша мазмұнды ақпараттармен бөлісті. Мамандар қаржылық сауаттылықты ерте жастан қалыптастырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Алдыңғы пост

ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН АЗАМАТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Апр    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі