Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ОҢ ӨСІМ КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

8 мая, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ОҢ ӨСІМ КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Біріккен Ұлттар Ұйымының даму құқығы мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Сурья Девамен кездесті. Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Түркістан өңірі қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, экономика, инфрақұрылым, әлеуметтік сала бойынша оң көрсеткіштерге тоқталды.
– Түркістан өңірі әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуде Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған тұрақты даму мақсаттарына ерекше мән береді. 2026 жылғы 1 наурыздағы мәлімет бойынша Түркістан облысы халқының саны 2146,7 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар – 545,1 мың адам (25,4%), ауыл тұрғындары – 1601,6 мың адам (74,6%). Біз экономикалық өсім мен әлеуметтік әділеттілікті үйлестіруге, халықтың әл-ауқатын арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған кешенді саясат жүргізіп келеміз, – деді ол.
Айта кетейік,  2026 жылдың  қаңтар-наурыз айларында Түркістан облысы  қысқа мерзімді экономикалық өсім 119,4%-ды құрап, республикада  2-орынға ие болды.
Кездесуде экологиялық тұрақтылық  мәселелері де кеңінен талқыланды. Өңірде табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, жасыл технологияларды енгізу және қоршаған ортаны қорғау шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар көші-қон және интеграция мәселелері де ерекше назарда. Облыста азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік үйлесімділікті нығайтуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Жиында гендерлік теңдік мәселесі де сөз болды. Түркістан облысы – демографиялық өсімі жоғары аймақ. Бүгінгі таңда, өңірде 400 мыңнан аса отбасы бар.  Көпбалалы батыр аналардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады.  Бүгінгі таңда Түркістан облысындағы  5611 мемлекеттік қызметшінің 1572-сі немесе 28,1%-ы – қыз-келіншектер. Оның ішінде, 233 әйел немесе басшылық лауазымдарды атқарады.
Сондай-ақ өңірде  әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбектер көрсетуде. Облыс көлемінде шамамен 210258 мың кәсіпкер болса, оның 91 мыңнан астамы – әйелдер. Статистикаға сәйкес, шағын және орта кәсіпкерліктің 43,1%-ында әйел адамдары басшылық жасауда.
Кездесуде  азаматтық қоғамды қолдау, отбасы құндылықтарын нығайту және әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға  бағытталған бастамалар да талқыланды.
Жиын соңында Ертай Кенжебекұлы БҰҰ арнайы баяндамашысының тәжірибесі мен сараптамалық көзқарасының өңір үшін маңызды екенін атап өтіп, пікір алмасу Түркістан облысының даму стратегиясын жетілдіруге және халықаралық тәжірибені енгізуге серпін беретінін жеткізді.
Кездесу қорытындысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тәжірибе алмасуды жалғастыруға ниетті  екенін білдірді.
Түркістан облыс әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы пост

Түркістан облысында БҰҰ өкілімен тұрақты даму және әлеуметтік саясат мәселелері талқыланды

Келесі жаңалық

Шымкентте «Айбын–2026» әскери-патриоттық сайысы өз мәресіне жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі