Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен дрон-футбол чемпионатында тарихи жеңіске жетті

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен дрон-футбол чемпионатында тарихи жеңіске жетті

10 мая, 2026
in Спорт, Қоғам, Әлем
0
Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен дрон-футбол чемпионатында тарихи жеңіске жетті
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Палм-Спрингс қаласында 30 сәуір мен 2 мамыр аралығында өткен FIDA USA Drone Soccer Championship халықаралық чемпионатында қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, екі дисциплина бойынша алтын медаль жеңіп алды. Халықаралық додаға әлемнің 17 елінен 100-ден астам команда қатысқан.

Қазақстан намысын қорғаған бес команданың төртеуі Астана қаласынан, біреуі Ақтөбе қаласынан қатысты. Жас спортшылар елге жеңіспен оралып, халықаралық аренада Қазақстанның беделін тағы бір мәрте асқақтатты.

Жеке сын: қазақстандық оқушылар үздік атанды

Чемпионаттың ең күрделі бағыттарының бірі саналатын Super Pilot жеке дисциплинасында Астана қаласындағы №8 мектептің 9-сынып оқушысы Амантай Арсен бірінші орынды иеленді. Оқушыны жарысқа жаттықтырушы Жәнібек Ражабов дайындаған.

Ал екінші орынды елордалық №82 мектептің 8-сынып оқушысы Хайралла Айсұлтан жеңіп алды. Оның жаттықтырушысы — Динмұхамед Орынбасар.

Командалық есепте Қазақстан толық үстемдік көрсетті

Drone Soccer Class 20 командалық дисциплинасында қазақстандық командалар барлық жүлделі орынды иеленді.

  • І орын — Ақтөбе қаласының Kemel Bilim командасы
  • ІІ орын — Астана қаласындағы №8 мектеп командасы
  • ІІІ орын — Астана қаласындағы №82 мектеп командасы

Жеңімпаз Kemel Bilim командасын жаттықтырушы Елаған Бауыржанұлы дайындаған.

Айта кетейік, командалар халықаралық чемпионатқа бір жылдан астам уақыт дайындалған. АҚШ-тағы жарысқа қатысу үшін олар алдымен Астанада өткен ресми ұлттық іріктеуден өтіп, кейін FIDA халықаралық федерациясы алдында арнайы өтінімдерін қорғаған.

Kazakhstan Drone Soccer Association директоры Әліхан Рыспайдың айтуынша, бұл жетістік — қазақстандық дрон-футбол спорты үшін тарихи нәтиже.

«Балаларымыздың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін білдік. Бұл — қазақстандық дрон-футбол тарихындағы алғашқы ірі халықаралық жеңістердің бірі. Әрбір оқушы мен жаттықтырушыға шексіз ризамын», — деді ол.

Дрон-футбол дегеніміз не?

Дрон-футбол — арнайы қорғаныш сферасына орналастырылған дрондарды басқару арқылы ойналатын технологиялық командалық спорт түрі. Ойын барысында қатысушылар қарсыластың сақинасы арқылы ұшып өтіп, гол соғуға тырысады.

Матч 5×5 форматында өтеді:

  • 1 шабуылшы (страйкер)
  • 4 қорғаушы

Ойын жоғары дәлдікті, жылдам реакцияны және командалық үйлесімділікті талап етеді.

Жарыстар дрон көлеміне қарай бірнеше санатқа бөлінеді:

  • Class 20 — диаметрі 20 см дейінгі дрондар
  • Class 40 — диаметрі 40 см дейінгі дрондар

Мамандардың айтуынша, дрон көлемі кішірейген сайын басқару қиындай түседі және ұшқыштық шеберлікке қойылатын талап артады.

Қазақстанда дрон-футбол қалай дамып жатыр?

Kazakhstan Drone Soccer Association ұйымы 2024 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен DRONE EXPO Korea 2024 аясында құрылған. Ұйым FIDA халықаралық федерациясымен бірлесіп, Қазақстанда дрон-футболды жүйелі дамыту бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойған.

Қазіргі таңда ассоциация:

  • мектептерде арнайы бағдарламалар енгізуде;
  • республикалық турнирлер ұйымдастыруда;
  • қазақстандық оқушыларды халықаралық жарыстарға дайындауда.

Мамандардың пікірінше, дрон-футбол — тек спорт емес, болашақ инженерлер мен ІТ-мамандарды тәрбиелеудің тиімді алаңы.

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Tags: AIIDA USA Drone Soccer ChampionshipАҚШЖасанды интеллектЖИИИҚазақстан
Алдыңғы пост

МАЙДАНГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ: ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Апр    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі