Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қазақстан

САЙРАМ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

13 мая, 2026
in Қазақстан, Қоғам
0
САЙРАМ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданында тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру және құқықтық қолдау көрсетуге бағытталған кешенді ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті. Жоба аясында азаматтарға қаржылық қауіпсіздік, борыштық міндеттемелер және заңдық мәселелер бойынша кәсіби кеңестер берілді. Қазіргі таңда қаржылық сауаттылық – қоғам тұрақтылығы мен азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын айқындайтын маңызды факторлардың бірі. Әсіресе цифрландыру үдерісі қарқын алған кезеңде қаржыны тиімді басқару, несие шарттарын дұрыс түсіну және қаржылық тәуекелдердің алдын алу әрбір азамат үшін аса өзекті мәселеге айналып отыр.

Осыған байланысты Сайрам ауданында «Қаржылық сауаттылықты арттыру және борышкерлерге құқықтық қолдау көрсету» жобасы аясында кең көлемді түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға қаржылық қиындықтарды заң аясында шешудің жолдарын түсіндіру, құқықтық сауатты арттыру және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру. Кездесу барысында қатысушыларға жеке қаржыны басқару, отбасылық бюджетті жоспарлау, банк өнімдерін тиімді пайдалану, несиелік міндеттемелерді сауатты орындау, қаржылық алаяқтықтан сақтану, сондай-ақ ойынқұмарлықтың алдын алу бағытында кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар азаматтарға есеп-шоттарды бұғаттан шығару тетіктері, борыштық дауларды реттеу, төлем қабілетін бағалау және несиелік жүктемені азайту бойынша нақты практикалық кеңестер ұсынылды. Іс-шараға арнайы шақырылған білікті мамандар өз салалары бойынша мазмұнды баяндама жасап, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Атап айтқанда, «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша үйлестірушісі, заңгер Жандос Әзімбай қаржылық жауапкершілік пен құқықтық тетіктер жөнінде түсіндірсе, “Бәйтерек” жастар ұйымы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заңгер-кеңесші Ролан Қонысбеков азаматтардың құқықтық қорғалу мәселелеріне тоқталды. Ал PhD доктор, доцент, психолог Салтанат Асанова қаржылық күйзеліс пен психологиялық тұрақтылық тақырыбында пайдалы кеңестерімен бөлісті. Мамандар қаржылық сауаттылықты ерте жастан қалыптастыру – болашақта әлеуметтік мәселелердің алдын алудың тиімді жолы екенін атап өтті. Сондай-ақ тұрғындарды жауапты қаржылық шешім қабылдауға, заң талаптарын сақтауға және жеке қаржыны тиімді басқаруға шақырды.

Tags: Түркістан облысыҚаржылық саауаттылық
Алдыңғы пост

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰМАЙ ТАЗЫЛАР ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Апр    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі