Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

14 мая, 2026
in Экономика, Қазақстан, Қоғам
0
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Заң үстемдігі орнықпай, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұл – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты шарты», – деп атап өткен болатын. Аталған ұстаным бүгінде қоғам үшін айрықша маңызға ие. Себебі құқықтық мемлекет қалыптастыру жолында азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру – уақыт талабы. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар аясында Түркістан облысының Түлкібас ауданы тұрғындарына арналған құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған мазмұнды семинар-кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық және қаржылық мәселелер бойынша білімін жетілдіру, азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыру және қаржылық алаяқтықтың алдын алу.

Кездесу барысында қатысушыларға несие рәсімдеу шарттары, қаржылық міндеттемелерді сауатты басқару, интернет-алаяқтықтан қорғану тәсілдері, борыштық жүктемені азайту жолдары және азаматтардың өз құқықтарын заң аясында тиімді қорғау тетіктері жан-жақты түсіндірілді. Практикалық мысалдармен толықтырылған ақпарат тұрғындар үшін пайдалы әрі қолжетімді форматта ұсынылды. Іс-шараға арнайы шақырылған сарапшылар қатарында «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша үйлестірушісі, заңгер Жандос Әзімбай, «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заңгер-кеңесші Ролан Қонысбеков, сондай-ақ PhD доктор, доцент, психолог Салтанат Асанова болды. Мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тұрғындардың сұрақтарына нақты жауаптар берді. – Құқықтық және қаржылық сауаттылық – әр азаматтың жеке қауіпсіздігі мен әлеуметтік тұрақтылығының негізгі кепілі. Әр адам өз құқығын біліп қана қоймай, оны заң аясында тиімді қорғай алуы қажет. Біздің басты мақсатымыз – тұрғындарға нақты бағыт-бағдар беріп, құқықтық қолжетімділікті арттыру, – деді заңгер Жандос Әзімбай.

Ал психолог Салтанат Асанова қаржылық сауатсыздықтың әлеуметтік және психологиялық салдарына тоқталды. – Қаржылық білімнің жеткіліксіздігі тек материалдық қиындықтарға ғана емес, психологиялық күйзеліске, отбасылық келіспеушіліктерге және лудомания секілді тәуелділіктерге де алып келуі мүмкін. Сондықтан қаржылық тәртіп пен эмоционалдық тұрақтылықты қатар дамыту – бүгінгі қоғамның басты қажеттіліктерінің бірі, – деді маман. Аталған кездесудің модераторлығын Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Асыл Сәтпайұлы Нұрлыбай жүргізіп, мұндай ақпараттық-түсіндіру шараларының қоғам үшін маңызына ерекше тоқталды. Сонымен қатар тұрғындарды құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, қаржылық жауапкершілікті арттыруға және заң талаптарын сақтауға шақырды. Іс-шара соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білікті мамандардан нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Қатысушылар мұндай ашық диалог алаңдарының қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Tags: АФМЗаң мен тәртіпТүркістан облысы
Алдыңғы пост

САЙРАМ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Апр    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі