Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Сарыағаштағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтіп жатыр

14 мая, 2026
in Uncategorized
0
Сарыағаштағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтіп жатыр
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы аумағында спорт инфрақұрылымын жаңғырту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Соның аясында Сарыағаш ауданы аумағындағы аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты орталық стадион күрделі жөндеуден өткізілуде.

Аталған спорт нысаны аудан тұрғындары мен жастар үшін маңызды орталықтардың бірі саналады. Мұнда түрлі спорттық жарыстар, жаттығулар және бұқаралық іс-шаралар өткізіліп келеді. Сондықтан стадионның заманауи талаптарға сай жаңартылуы өңірдегі спорт саласын дамытуға оң әсер етпек.

Күрделі жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме – ВИБО-Строй жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Қазіргі таңда нысанда құрылыс және жаңғырту жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылып жатыр.

Жөндеу жұмыстарының барысымен танысу мақсатында Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып, құрылыс сапасына ерекше назар аударды. Сапар барысында аудан басшысы мердігер мекемеге бірқатар ескертулер айтып, құрылыс кезінде сапалы материалдарды пайдалану қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар барлық жұмыстар белгіленген талаптарға сәйкес әрі уақытылы аяқталуы тиіс екенін жеткізді.

Қазіргі уақытта әкімшілік ғимаратының жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Сондай-ақ көрермендер отыратын аумақтың шатыры жабылып, стадионның сыртқы келбетін жаңарту бағытындағы жұмыстар жүргізілген. Алдағы уақытта нысанның өзге бөліктерінде де жөндеу және абаттандыру шаралары жалғасады.

Мамандардың айтуынша, стадионды жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін спортшыларға жаттығу жасауға, жарыстар өткізуге және тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуына қолайлы жағдай қалыптасады. Бұл өз кезегінде жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

Сонымен қатар аудан әкімі Арман Абдуллаев Шәмші гүлзары көшесінде орналасқан №3 көпқабатты жатақханада жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен де танысты. Қазіргі таңда ғимарат аумағында әктеу-сырлау жұмыстары жүргізіліп, ортақ пайдалану орындарын ретке келтіру шаралары атқарылуда.

Жалпы алғанда, Сарыағаш ауданында жүзеге асырылып жатқан мұндай инфрақұрылымдық жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік нысандарды жаңғыртуға және ауданның келбетін жақсартуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып саналады.

Алдыңғы пост

Келес ауданында көше жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Келесі жаңалық

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Апр    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі