Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

18 мая, 2026
in Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
0
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ НЕГІЗІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында заң үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігі – ел дамуының басты кепілі екенін атап өткен болатын. Осы бағыттағы жұмыстар аясында Арыс қаласында тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған семинар-кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру және интернет-алаяқтықтың алдын алу.

Кездесу барысында тұрғындарға несие рәсімдеу талаптары, қаржылық міндеттемелерді тиімді басқару, алаяқтық схемаларынан сақтану жолдары мен азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері кеңінен түсіндірілді. Семинарға «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша қаржы сарапшысы Жасұлан Меңдіқұлов, «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заңгер-кеңесші Ролан Қонысбеков және PhD доктор, доцент, психолог Салтанат Асанова қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Мамандар құқықтық және қаржылық сауаттылықтың қоғам тұрақтылығы мен азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті. Сонымен қатар, қаржылық сауатсыздықтың әлеуметтік және психологиялық салдары жөнінде де жан-жақты пікір айтылып, борышкерлерге көрсетілетін құқықтық қолдау тетіктері түсіндірілді. Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Қатысушылар мұндай ашық диалог алаңдарының маңызы зор екенін айтып, осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізудің маңыздылығын жеткізді.

Tags: Арыс қаласындаАФМЗаң мен тәртіпНұралхан КөшеровТүркістан облысыҚаржылық саауаттылық
Алдыңғы пост

Президент Түркістанның халықаралық деңгейдегі әлеуетіне жоғары баға берді

Келесі жаңалық

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ХАЛЫҚҚА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Апр    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі