Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ХАЛЫҚҚА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

18 мая, 2026
in Басты жаңалықтар, Таным, Қазақстан
0
ОТЫРАР АУДАНЫНДА ХАЛЫҚҚА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында заң үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – елдің тұрақты дамуының басты кепілі екенін атап өткен болатын. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар аясында Отырар ауданында тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған мазмұнды семинар-кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру, интернет-алаяқтықтың алдын алу және халықтың қаржылық қауіпсіздігін нығайту. Кездесу барысында тұрғындарға несие рәсімдеу тәртібі, қаржылық міндеттемелерді тиімді басқару жолдары, алаяқтық әрекеттерден сақтану тәсілдері мен заң аясында өз құқықтарын қорғау тетіктері кеңінен түсіндірілді. Семинарға «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша қаржы сарапшысы Жасұлан Меңдіқұлов, «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заңгер-кеңесші Ролан Қонысбеков және PhD доктор, доцент, психолог Салтанат Асанова қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу барысында мамандар қазіргі қоғамдағы құқықтық және қаржылық сауаттылықтың маңыздылығына ерекше тоқталып, қаржылық тұрақсыздықтың әлеуметтік әрі психологиялық салдары жөнінде кеңінен баяндады. Сонымен қатар, интернет-алаяқтықтың соңғы түрлері, азаматтарды алдап несие рәсімдеу жағдайлары және мұндай құқықбұзушылықтардан қорғану жолдары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Сондай-ақ, борыштық жүктемеге тап болған азаматтарға көрсетілетін құқықтық қолдау тетіктері, қаржылық жоспарлау мәдениеті мен жеке бюджет жүргізудің тиімді әдістері жөнінде пайдалы ақпараттар берілді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар нақты әрі жан-жақты жауап беріп, құқықтық кеңестер ұсынды. Кездесу соңында қатысушылар мұндай ашық диалог алаңдарының қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтіп, құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру бағытындағы іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажеттігін жеткізді. Айта кету керек, мұндай кездесулер халықтың құқықтық қорғалу деңгейін күшейтіп қана қоймай, қоғамдағы сенім мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға да оң ықпал етеді.

Tags: Turkistan«Таза Қазақстан»АФМЗаң мен тәртіпНұралхан КөшеровОтырар ауданыТүркістан облысыҚаржылық саауаттылық
Алдыңғы пост

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Келесі жаңалық

«AMANAT»: «QYZGALDAQ» САРАЙЫ ШЫМКЕНТТІҢ МӘДЕНИ ӨМІРІНЕ ЖАҢА СЕРПІН БЕРДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Апр    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі