Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын шығаратын 4 зауыт бар

8 мая, 2026
in Uncategorized
0
Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын шығаратын 4 зауыт бар
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Еліміздегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің шамамен 13 пайызы осы өңірге тиесілі. Су үнемдеу технологияларын шығаратын 4 зауыт Түркістан облысында орналасқан. Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешені республика көлемінде стратегиялық маңызға ие. Еліміздегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің шамамен 13 пайызы осы өңірге тиесілі. Әсіресе, суармалы егіншіліктің үлесі жоғары – республикадағы суармалы жерлердің төрттен бір бөлігі, яғни 554 мың гектардан астамы Түркістан облысында орналасқан. Бұл өңірдің аграрлық әлеуетін айқындайтын негізгі факторлардың бірі. Су ресурстарының шектеулігін ескере отырып, су үнемдеу технологияларын енгізу – уақыт талабы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығында суды үнемдейтін озық технологияларды жедел енгізіп, олардың қолданылу аясын жыл сайын 150 мың гектарға дейін ұлғайту міндетін қойған болатын. Бұл тапсырма Түркістан облысында кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Жаңбырлатып суару машиналарын шығаратын еліміздегі тұңғыш зауыт Түркістан облысында іске қосылған болатын. Бүгінде өңірде жаңа технологияларды жасап ышғаратын 4 зауыт іске қосылған. Облыста су үнемдеу технологиялары енгізілген алқап көлемі 114 мың гектарға жетіп, жалпы суармалы жерлердің 20 пайызын қамтып отыр. Бұл бағытта өндірістік инфрақұрылымды дамыту да қатар қолға алынған. Өңірде «BNK GROUP LTD» ЖШС, «KAZ KIOTI» ЖШС, «ХИНЖИН Ирригейшн» ЖШС және «TURAN SU» МКК секілді 4 кәсіпорын іске қосылды. Жалпы құны 25,7 млрд теңгені құрайтын бұл жобалардың жылдық өндірістік қуаттылығы 163 мың гектар алқапты қамтуға мүмкіндік береді. Оның ішінде 73 мың гектарға тамшылатып суару, 90 мың гектарға жаңбырлатып суару технологияларын енгізуге жағдай жасалған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Қосымша құны 6 млрд теңгені құрайтын, 30 мың гектар алқапты қамтитын тағы екі кәсіпорынды іске қосу жоспарланған. Бұл өз кезегінде шаруалардың заманауи технологияларға қолжетімділігін арттырып, өндіріс тиімділігін еселемек. Су үнемдеу технологияларының артықшылығы айқын: ағын суды 1,5–2 есеге дейін үнемдеуге мүмкіндік берсе, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін 2–3 есеге арттыруға жол ашады. Сондықтан бұл бағыт облыстың аграрлық саясатының басым бағыты ретінде айқындалған. Өңірде су тапшылығы мәселесін шешу және трансшекаралық каналдарға тәуелділікті азайту мақсатында жыл сайын кемінде 50 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланып отыр. Өткен жылы оңтүстік аудандарда су тапшылығының өткір сезілуі бұл бағыттағы жұмысты жеделдетудің маңыздылығын көрсетті. Осыған байланысты 2026 жылға Мақтаарал, Жетісай және Шардара аудандарының әрқайсысына 8 мың гектардан жоспар белгіленді. Қазіргі таңда облыс бойынша 34 мың гектар алқапта су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жүргізілуде. Аталған бастамаларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2026 жылға 31,3 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаржы агроөнеркәсіптік кешенді жаңғыртуға, су ресурстарын тиімді басқаруға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталмақ. Жалпы алғанда, Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу – тек экологиялық қажеттілік қана емес, экономикалық тиімділікті арттырудың да маңызды құралы. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта өңірдің аграрлық әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

 

Алдыңғы пост

В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛО ПАТРИОТИЧЕСКОЕ МЕРОПРИЯТИЕ, ПОСВЯЩЕННОЕ ДНЮ ЗАЩИТНИКА ОТЕЧЕСТВА

Келесі жаңалық

Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес күшейтіліп, 275 мың гектардан астам жер өңделді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Апр    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі